Thursday, January 23, 2020

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

Жарияланымдар, түсініктемелер

Жарияланымдар, түсініктемелер 20

Елбасының мемлекеттік қызмет көрсету саласын толықтай электронды форматқа көшіру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Әділет министрлігімен қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентімен ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістердің басты мақсаты - азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Атап айтсақ, бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу алынып тасталды.

Мысалы, қазіргі кезде ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, өзгерістерге сәйкес сот шешімі заңды күшіне енген сәттен, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды. Енді азаматтар АХАТ органдарына бару қажеттілігінен босатылды.

Конституцияда және Кодексте кепілдік берілген отбасы құпиясын, бала асырап алудың, баланың шығу тегінің құпиясын сақтау мақсатында әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тараулары алынып тасталды. Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы деректері  туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі.

Қазір баланы асырап алған немесе әкелік анықталған кезде балаға               2 куәлік беріледі  - асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәлік. Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де, тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.

Енді азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, акт жазбаларды  қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтер эксаумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.

Мысалы, құжаттарын жоғалтқан жағдайда, азамат қай аймақта тұратына, туған жеріне қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Ата-аналардың таңдауы бойынша SMS-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлік беріледі.

Шетелде туылған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Бүгінгі таңда шетелде туылған баланың туу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органдарымен берілген.

Осыған орай, егер баланың ата-анасы Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдегісі келсе, олар қалауы бойынша тіркеуші органға барып, шетелде берілген туу туралы куәлікті (қажет болған жағдайда апостиль мөрі қойылған немесе заңдастырылған) ұсынса жеткілікті. Баланың нақты туылған жері көрсетіліп, жаңа туу туралы куәлік беріледі.

Мысалы, бала Өзбекстанда туылса, ата-анасы туу туралы куәлігін тіркеуші органға ұсынып, баланың туған жері Өзбекстан деп көрсетілген Қазақстанның туу туралы куәлігін ала алады. ТМД елдерінде берілген құжаттарға апостиль қою немесе заңдастыру қажет еместігін атап өту қажет.

Бұл новелла шетелде туылған Қазақстан Республикасы азаматтарымен өз балаларына қатысты толыққанды мемлекеттік қызметтерді: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б. алуға мүмкіндік береді.

Одан басқа, ақпараттық жүйелерде ата-анасымен туыстық қатынасты анықтауға, куәлігін жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде, жаңасын туған жеріне сұраныс жібермей-ақ қалауы бойынша кез-келген тіркеуші органнан алуға  болады.

Сондай-ақ, балаға ата-анасы қосарланған есім бергісі келсе, оның есімін дефис арқылы жазу және әкесінің аты қосарланған болса, баланың әкесінің атын дефис арқылы дұрыс жазу мүмкіндігі енгізілді.

Егер баланы анасы өзі тәрбиелеп өсірсе, бала он алты жасқа толған кезде өз қалауы бойынша тегін анасының тегіне өзгертуді қаласа (баланың әкесінің атын өзгертпестен) анасының тегіне өзгерту қарастырылды.

 Қазіргі кезде қайтыс болған азаматтың тумалары қайтыс болу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет. Отбасында қайғылы жағдай орын алып, тума-туысы тіркеуші органға келуге мүмкіндігі болмайтын немесе қайтқан адамның мүлдем тумалары жоқ болатын жағдайлар кездеседі.

Осы мәселені оңтайлы шешу мақсатында егер қайтыс болу туралы акт жазбаны тіркеу туралы өтініш 3 күн ішінде түспесе, тіркеуші орган медициналық куәлік немесе сот шешімі негізінде тіркеуді жүргізу мүмкіндігі енгізілді.  Қажет болған жағдайда, туыстары дайын құжаттарды электрондық үкімет порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе қалауы бойынша тіркеуші органда ала алады.

Сөзімді қорытындылай келе, АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт және қаражат шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

 


Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер

Среда, 25 Декабрь 2019 10:20 Written by

ҚР 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VІ Заңымен ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, олар қазіргі уақытта заңды күшіне енді.

  1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамдардың еңбегін реттеу" деген 143-1 жаңа бап қосылды:

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамдардың еңбегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен осы Кодексте реттеледі.

  1. 16-баптың 5-тармақшасы алып тасталды, яғни еңбек жɵнiндегi уəкiлеттi мемлекеттiк органмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындау ендi келісiлмейді.
  2. 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Осы тармақта "Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді" деген сɵйлем алынып тасталды.

  1. 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

Тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі:

      1) жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты жұмыста болмау;

      2) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылу;

      3) демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болу;

      4) қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ жұмыскердің тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені шешуге әсер ететін сот актісі немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті лауазымды адамның актісі заңды күшіне енгенге дейін;

      5) жұмыскердің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болу;

      6) жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы жұмыс берушінің актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасау кезеңінде тоқтатыла тұрады."

Яғни, 66- баптың 3-тармағына 4-шi жəне 6-шы тармақшалар қосылған


Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Воскресенье, 28 Апрель 2019 00:00 Written by

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

         Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28-ші сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау немесе Дүниежүзілік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік және денсаулық күні деп жариялады. Оның да өзіндік себептері бар. Басты мақсат әлемдегі қоғамның назарын өзекті проблемаға аудару және жұмыс орындарында жыл сайын орын алатын адам өлімі көрсеткішінің деңгейін төмендету үшін еңбек қауіпсіздік шараларын жақсарту жолдарын қарастыру. Біздің елде халықарылық деңгейдегі            бұл күн 2003 жылдан бастап аталып келеді.

        Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің шығу таихына тоқталатын босақ, 1989 жылдың 28 сәуірінде канадалық және американдық жұмысшылардың өндіріс орындарында жарақаттанған және қайтыс болған азаматтарды еске алу бастамасы түрткі болды. Осылайша бір ғасырлық тарихы бар бұл күн жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді.

         Бүгінде жүзден аса мемлекетте еңбекті қорғау мәселерінің шешімін табу мақсатында қоғам назарын аударуға бағытталған түрлі шаралар өткізіледі. Бұл шаралар жергілікті билік өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер мен еңбекті қорғау саласы мамандарының бірлесе күш жұмылдыруының нәтижесінде өткізіледі.

         Халықарлық еңбек ұйымының мәліметі бойынша күн сайын әлемде жұмыс орнында болатын жазатайым оқиғалардың салдарынан 6300 адам көз жұмады. Ал жылына кәсіби аурулар салдарынан 2 миллион 300 мыңға жуық адам қайтыс болады. Осы көрсеткіштердің негізінде 317 мың жағдай жазатайым оқиға кезінде бірден көз жұмған фактісімен есепке алынса, 1 миллион 700 мың адам кәсіби аурулардың себебінен көз жұмады екен.

         Сонымен қатар, жыл сайын жұмысшылар өндірісте орын алатын 270 милион жазатайым оқиғалар мен 160 миллионға жуық түрлі жағдайлар салдарынан кәсіби ауру түрлерінен зардап шегеді және оның арты жұмысшының 3 күн бойы жұмыс орнында болмауына әкеп соғады. Еңбекті қорғау стандарттарын қамтамасыз етуге бей-жәй қараудың нәтижесінде әлемдік экономиканың ЖІӨ көрсеткішіне орта есеппен 4 % шамасында шығын келтірілуде.

         Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «ШҚО «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірге жыл сайын «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған өндірістегі жарақатты алдын алу және облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған актив жиынын өткізеді.

         Ағымдағы жылы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат пен кәсіби ауралар санын азайту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды - «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады.

         Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және әлеуметтік әріптестермен бірлескен облыстық үшжақты комиссияның отырысында «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» жылына арналған «Жол картасы» бекітілді.

         Бұл «Жол картасы» өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың деңгейін төмендетуге, өлім жағдайының алды алуға, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсартуға және Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы мен өмір ұзақтығын қамтамасыз етуге негізделген.

         Сонымен қатар, «Жол картасына» негізінде еңбекті қорғаудың басқару жүйесін, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ұлттық заңнаманы жетілдірудің, өндірістік жарақатты төмендету мен еңбек етуге қауіпсіз жағдай жасаудың шаралары енгізілді.

         Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы барлық жұмыс берушілерді және еңбек ұжымдарын «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» аясында өткізілетін шараларға Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар саны мен кәсіби ауруларды мүмкіндігінше төмендету үшін атсалысуға шақырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы                                             Т.О.Орынбеков


ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2018 жылғы атқарған жұмысытуралы

2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 2535 өтініш қарады. Еңбек қатынастары бойынша 2442 өтініш түссе, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 87, жұмыспен қамту бойынша 26 өтініш қабылданды.

967 тексеру жүргізілді. 2890 заң бұзушылық анықталып, 630 ұйғарым берілді. 59,7 млн. теңге сомасына 461 әкімшілік айыппұл және 107 ескерту салынды.

1. Еңбек заңнамасының сақталуын талдау

2018 жылы анықталған 2890 заң бұзушылықтың 2703, яғни 93,5% жойылды. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 1711 бұзушылық анықталған еді.

Жалақы төлеу, жұмыс орындарын қысқарту, ұжымдық келісім шарттарын орындау мәселелері, сонымен бірге, облыстық келісімнің орындалу барысы дағдарысқа қарсы штабтарда, әлеуметтік әріптестік бойынша 3 жақты комиссия отырыстарында үнемі қаралады.

2018 жылы облыстық дағдарысқа қарсы штабтың 2 отырысы, әлеуметтік әріптестік бойынша 8 үшжақты комиссия, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері бойынша бір кеңес өткізілді. Кәсіпорын басшылары тыңдалып, жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі қаралды.

Нәтиже жоқ емес, бар. Жыл басынан бері 210 кәсіпорын 6093 қызметкер алдында 731,6 млн.теңге сомасында ағымдағы берешекті өтеді.

Банкроттық және оңалту рәсімінен өтіп жатқан кәсіпорындарда жалақы бойынша берешек 135,5 млн.теңгені құрайды. 12 мекеме 463 жұмыскерге қарыз.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген жұмыс нәтижесінде "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аймақтың 463 кәсіпорны қосылды. 11 652 электрондық еңбек шарты енгізілді.

2. Өндірістік жарақаттанудың жағдайын талдау

2018 жылы өндірісте 197 жазатайым оқиға болды. 213 адам зардап шекті. 19 адамның өмірі қиылып, 89 адам ауыр жарақаттар алды. 11 топтық қайғылы оқиға тіркеліп, 27 адам зардап шекті.

Өткен жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану деңгейі 2 адамға немесе 1% төмендеді.

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің коэффициенті 1000 жұмысшыға 0,309 құрап отыр.

Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия өнеркәсібі ұйымдарында жұмыс істеген. 56 адам. Бюджеттік ұйымдарда47, шағын бизнес ұйымдарында27 және құрылыста23 адам.

171 арнайы тергеу жүргізілді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары арнайы тергеу-тексеру барысында жинақталған материалдар көшірмесін ішкі істер органдарына жолдады.

1000 жұмысшыға шаққандағы жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті 0,309 сәйкес келеді, бұл ТРТ нысаналы индикаторының жылдық көрсеткішінен (0,42) аспайды.

3. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстары

2018 жылғы 15 маусымда Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысында аймақтағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша "Қауіпсіз еңбек" бағдарламасы бекітілді.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін экономикалық қызметтің неғұрлым жарақаттану қаупі бар түрлерінде қызметін жүзеге асыратын 12 кәсіпорынның ай сайынғы өндірістік жарақаттану мониторингі жүргізіледі.

Басқармаға ай сайын кәсіпорындардан еңбек, өндірістік жарақаттану жағдайы, білімін жетілдіруден уақытында өту туралы мағлұматтар келіп түседі. Сонымен қатар, еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың, өндірістік объектілерді аттестаттау мен жабдықтарды енгізу, халықаралық және мемлекеттік стандарттарды енгізу және т. б., 13-тармақтан тұратын ақпарат жіберіледі. Кейін талдау жүргізіліп, жұмыс берушілерге еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша ұсынымдар айтылады. Талдау нәтижелері профилактикалық бақылау жоспарларын жасау үшін пайдаланылады.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша өзара іс-қимылды жақсарту үшін 2016-2021 жылдар аралығында басқарма мен ішкі істер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіподақтар кеңесі және шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіподағы арасында меморандум бекітілді. Құжат жасырылған өндірістік жарақаттану фактілеріне жол бермеуге көмектеседі.

Облыстың 115 кәсіпорнында өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізілді. 500 өндірістік нысан аттестатталып, ХЕҰ-СУОТ 2001, МемСТ 12.0.230-2007 және еңбекті қорғау бойынша OHSAS 52 халықаралық және қазақстандық стандарттары енгізілді.

Күн сайын облыстың медициналық мекемелері, қызметкерлердің өндірісте жарақаттануы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы бар алғашқы жүгінулердің әрбір жағдайы туралы Басқармаға хабарлап отырады. Жыл бойы мемлекеттік еңбек инспекторлары мұндай 768 өтініш қарап шықты.

4. Әлеуметтік әріптестік

Облыста жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдері еңбек заңнамасы саласындағы туындайтын мәселелердің шешімін табу үшін диалогтық алаңда бас қосады. Бұл еңбек қақтығыстарын ерте кезеңде реттеуге көмектеседі. 2018 жылы 5 кездесу өткізілді. Атап айтсақ, "Өскемен трамвай паркі" ЖШС, "Өскемен арматура зауыты" АҚ, "Востокшахтострой" АҚ, "Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясы" КМҚК басшылығымен еңбек заңнамасы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұжымдық шарттар талаптарын орындау және өндірістегі қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар да тілге тиек етілді.

2018 жылдың 21 қарашасында өткен үшжақты комиссия отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, "Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығы" КАБ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік келісімнің 4.3.1.тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. "Жұмыс берушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қызметкерлердің айлық жалақысын кемінде 10% - ға көбейтуді қамтамасыз етсің және бұл ретте олардың жаппай босатылуына жол берілмесін" делінген құжатта.

Комиссияның дәл осындай отырыстары облыстың өзге қалалары мен аудандарында да өткізілді.

Әлеуметтік серіктестермен бірлесіп ұжымдық шарттарды жасау жұмыстары жалғасуда. Қазір 10158 ұжымдық шарт жасалды. Бұл есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 70,4%.

5. Сот органдарымен жұмыс

Сот және құқық қорғау органдарына 212 материал жолданды. Соның 171-і ішкі істер органдарына жіберілсе, сот органдарына 40, прокуратураға1 материал тапсырылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Шығыс Қазақстан облысының соттарында жүргізілген 178 азаматтық және әкімшілік іске қатысты. Мамандандырылған әкімшілік сотта МЕИ нұсқамаларын орындамау және тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша 35 әкімшілік іс қаралды. Кінәлілар ҚР ӘҚБК 462-бабының 1,3-тармақтарында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 31 әкімшілік істі сот қанағаттандырды.

6. Ақпараттық-имидждік жұмыс

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін объектілерде жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тұрақты түрді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 4077 адам қатысқан 611 кездесу болды. Мамандар 48 дөңгелек үстел және баспасөз конференцияларын өткізуге қатысты. 1042 жазбаша түсініктеме беріліп, жеке мәселелер бойынша 1629 азамат қабылданды. Басқарма басшысы мен инспекторлар бұқаралық ақпарат құралдарында 29 рет сөз сөйледі.

Басқарма "ШҚО Кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп, өңір мекемелерінде 2455 адамды қамтыған 48 оқу семинары мен вебинарлар ұйымдастырды.

 

Электронды еңбек шарттары

Пятница, 08 Февраль 2019 00:00 Written by

Автор: Жокебаев Кайрат Едилович - Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы;

Электронды еңбек шарттары

          Қазіргі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Е-hr электронды еңбек шарттарын қолданысқа енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты электронды үлгідегі еңбек шарттарына отыру процесін заңды тұрғыдан реттеп, кететін уақыт көлемін азайту. Сонымен қатар, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қағазбастылықтан және еңбек шарттарын жасаған кезде ұсынылатын құжаттар топтамасын жинаудан арылуға мүмкіндік береді. Министрлік электронды еңбек шарттарының құқықтық деңгейін реттеу мақсатында заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар топтамасы құжатын әзірледі. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап республикада электронды еңбек шарттарының есептік жүйесі енгізіледі.


Жалақының мөлшері

Понедельник, 21 Январь 2019 00:00 Written by

Жалақының мөлшері

      

        Қазақстан Республикаксының Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес, жұмыскердің айлық жалақысының мөлщері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

           Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбекшартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

         Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.

2019 жылға ең төмен жалақының мөлшері 42 500 теңге болып анықталған.

Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе элеткрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөнінднгі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Авторы: мемлекеттік еңбек инспекторы

К. Ергазинов


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының атқарылған жұмыстары туралы

2018 жылы облыс ұйымдарында еңбек заңнамасы бойынша 2 890 (2017 жылы – 2 703) бұзушылықтар анықталды, 630 (816) нұсқама берілді, 461 (640) заңды және лауазымды тұлғалар 59,7 млн. теңге (90,9 млн. теңге) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 (28) мекемелердің жұмысы тоқтатылды, 14 (1) қылмыстық іс қозғалды, әлеуметтік әріптестермен бірлесе 6 532 жұмысшының қатысуымен 659 кәсіпорында жаппай құқықтық оқыту өткізілді.

2018 жылы кәсіпорындар басшыларының тыңдалуымен облыстық әлеуметтік серіктестіктің үшжақты комиссиясының 8, облыстық дағдарысқа қарсы штабтың   және ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу мәселелері бойынша ШҚО Кеңесінің 2 отырысы өткізілді және еңбекақы бойынша берешекті өтеу мәселесі аумақтық штабтың отырысында қаралды.

2018 жылы азаматтардан 2 535 арыздар қабылданды, оның ішінде еңбекақы уақытында өтемеу мәселесі бойынша 1 557. Оларды қарау негізінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен 967 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 6 093 жұмысшы алдында 740,4 млн. теңге сомасындағы еңбекақы берешегі анықталды.

Облыс прокуратурасымен бірлесе қолданған іс-шаралар нәтижесінде, 2019 жылдың 1 қаңтарына 6 088 жұмысшыға анықталған берешектің 731,6 млн. теңге қарызы немесе 98%-ы төленді.

Өткен жылы облыстың экономика салаларында өндірісте 213 адам жарақаттанды (2017 ж.-215), оның ішінде 19 жазатайым оқиға адам өлімімен аяқталған. Өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1% төмендеді. 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғаның жиілік коэффициенті 0,309 (2017 ж.-0,314), адам өлімімен - 0,027 (2017 ж.-0,028) құрады.

Еңбек жағдайлары бойынша 1038 өндірістік объекті аттестатталып, 163 еңбекті қорғау бойынша OHSAS және ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001, ГОСТ 12.0.230-2007 халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді.

            Жыл сайын Қазақстандағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруы мен ілгерілетуі және үздік тәжірибені енгізуді ынталандыруға байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсы өткізіледі, оның бас жүлдесін «Қазцинк» ЖШС-і иеленді.

            Әлеуметтік серіктестермен бірлесе ұжымдық келісімдерді жасау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта 10 158 ұжымдық шарт жасалды немесе есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 70,3% -ын құрайды.

Мемлекет Басшысының төмен жалақы алатын қызметкерлердің айлық жалақысын өсіру туралы тапсырмасын орындауға байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған облыстық келісіміне 2019 жылғы                     1 қаңтардан бастап төмен жалақы алатын қызметкер санатының айлық жалақысын 10 % төмен емес өсіруді қамтамасыз ету, сонымен бірге олардың жаппай босатылуын болдырмау бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі уақытта қала және аудан әкімдері әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, ұжымдық және еңбек шарттарға, жұмыс берушілердің ұйым жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін реттейтін актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Еңбек министрлігі «Еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі» немесе                     «электронды HR» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін интеграциялау жобасын іске қосты, бұл республика бойынша барлық еңбек шарттарының есебін жүргізуге және жұмыспен қамту процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта жұмыс берушілер арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде және 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша электронды еңбек биржасында 13271 еңбек шарты қалыптастырылды.

                  

 

Сұрақ - Жауап

Пятница, 12 Октябрь 2018 00:00 Written by

Жұмыс беруші, жұмыскерге оқу демалыстарын беруге міндеттіме, немесе жұмыс беруші, кәсіпорында ондай демалыс қарастырылмаған деп, бермеуге құқылы ма?

Жұмыс беруші білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін жұмыскерге оқу демалысын беруге міндетті.


Сұрақ - Жауап

Пятница, 28 Сентябрь 2018 00:00 Written by

Қандай жағдайда жұмыс беруші жұмыскерлерді демалыс және мереке күндеріндежұмысқа тартуға құқылы? Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы қалай төленеді?

Жұмыс беруші жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға келесідей жағдайларда тартуға құқылы:

1) жұмыскерлердің жазбаша келісімі арқылы:

- демалыс және мереке күндерінде жұмысқа

2) жұмыскерлердің келісімінсіз:

- төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;

- тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін;

-ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері үшін.

Сондай-ақ, мереке күндері жұмысқа келесі жағдайларда тартылады:

үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін

- халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін

Егерде кәсіпорынның жұмысы күтпеген жұмыстарды орындау және (немесе) үздіксіз жұмыстарды орындаумен байланысты болған жағдайда, ауысымдық кестемен жұмысы қолданады және бұл кестеде мереке күндері алдын-ала жоспарланады.

Барлық жағдайларды жұмыскерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің жарлығымен жасалады.

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

 

 

Қызметкердің демалысты бөліп алуға құқығы бар ма? Демалысты күндерге бөліп беруге бола ма? Демалыстың бөліктерге бөлінуін қалай рәсімдеуге болады?

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Сондықтан демалысты (бөліктерге, оның ішінде күндер бойынша немесе бірден толығымен) қалай пайдалану мәселесі тараптардың келісімі бойынша шешіледі.

Өйткені, демалыстарды берудің кезектілігі, оның ішінде демалыс бөліктерге бөлінген кезде демалыстар кестесіне сәйкес анықталады, қызметкер демалыстар кестесін құру кезінде өзінің демалысты бөліктерге (күндер бойынша) бөліп пайдалануға ниетті екенін мәлімдеуі керек. Қызметкер өзінің демалысты бөліктерге (күндер бойынша) бөліп пайдалу ниеті жайлы демалыстар кестесі құрылғаннан кейінде талап ете алады. Мұндай өтінішті қағанаттандыру немесе жоқ- жұмыс берушінің құқығы.

Осылайша, демалыстың бөліктерге бөлінуін ресімдеу келесідей болуы мүмкін:

- демалыстарды бөлуді демалыстар кестесінде қарастыру;

- қызметкердің тиісті өтініш жазуы арқылы және жұмыс берушінің өтініш негізінде тиісті бұйрықтың шығарылуы;

Бұл ретте, демалысты бөлу кезінде оның кем дегенде бір бөлігі екі күнтізбелік апта болу керектігін есте сақтау қажет.


Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет)   кәсіпкерлерге қөмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.

Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді.

Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы көрсетіледі.

Кәсіпкерге тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заңбұзушылықтар туралы онлайн режимінде шағым жіберуге мүмкіндік бар.

Жіберілген бұзушылықтар туралы хабарламалар жедел түрде жауап беру үшін дереу Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне келіп түседі.

Сондай-ақ, электрондық акт енгізу жолымен мемлекеттік органмен тағайындалған тексеруді тіркеу тәртібі оңайлатылған.

2018 жылдың2-жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдар, прокуратура органында тіркелген электрондық актіні өздерінде басып шығарып, оны кәсіпкерге ұсына алады.

Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытты қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқада артықшылықтарға ие.

Электрондық акттың QR-коды (графикалық кілт) болады.

Кәсіпкер электрондық акттен үрейленбеуі керек, себебі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжат электронды-сандық нысандағы ақпараттардан құралады, электронды-санды қолтаңбамен куәландырылады және оның заңды күші қағаз үлгідегі қол қойылған құжатпен тең жүреді.

Өз кезегінде кәсіпкер оның түпнұсқа екенін «Qamqor» қалта көмекшісі арқылы тексере алады.

Бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында республика экономикасының даму қарқынын арттыру міндетін орындау және санды технологияларды қоладану арқылы халықтың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыс.


Страница 1 из 2

Анықтамалық мәліметтер

Басқарманың пошталық мекен-жайы: 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19
Эд. пошта: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Сенім телефоны: 25-65-02
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.30 с. түскі үзіліс 13.00 - 14.30 с.
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі - Қарлығаш Қайырлықызы Нұрекенова, жұмыс телефоны: 25-65-74.

 


Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40 үй, 405 бөлме
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

 


Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 21 үй
Телефон: 8 (72336) 44-279
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

Баннеры

Atau.kz  balatili.kz

Emle.kz  sozdikqor.kz

termincom.kz  tilalemi.kz

tilmedia.kz  tilqural.kz

 

www.qazlatyn.kz

ekstu en

 rusekstu

kzekstu

21

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz