Thursday, July 18, 2019

          

Государственные символы
 Республики Казахстан

Жарияланымдар, түсініктемелер

Жарияланымдар, түсініктемелер 12

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

         Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28-ші сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау немесе Дүниежүзілік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік және денсаулық күні деп жариялады. Оның да өзіндік себептері бар. Басты мақсат әлемдегі қоғамның назарын өзекті проблемаға аудару және жұмыс орындарында жыл сайын орын алатын адам өлімі көрсеткішінің деңгейін төмендету үшін еңбек қауіпсіздік шараларын жақсарту жолдарын қарастыру. Біздің елде халықарылық деңгейдегі            бұл күн 2003 жылдан бастап аталып келеді.

        Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің шығу таихына тоқталатын босақ, 1989 жылдың 28 сәуірінде канадалық және американдық жұмысшылардың өндіріс орындарында жарақаттанған және қайтыс болған азаматтарды еске алу бастамасы түрткі болды. Осылайша бір ғасырлық тарихы бар бұл күн жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді.

         Бүгінде жүзден аса мемлекетте еңбекті қорғау мәселерінің шешімін табу мақсатында қоғам назарын аударуға бағытталған түрлі шаралар өткізіледі. Бұл шаралар жергілікті билік өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер мен еңбекті қорғау саласы мамандарының бірлесе күш жұмылдыруының нәтижесінде өткізіледі.

         Халықарлық еңбек ұйымының мәліметі бойынша күн сайын әлемде жұмыс орнында болатын жазатайым оқиғалардың салдарынан 6300 адам көз жұмады. Ал жылына кәсіби аурулар салдарынан 2 миллион 300 мыңға жуық адам қайтыс болады. Осы көрсеткіштердің негізінде 317 мың жағдай жазатайым оқиға кезінде бірден көз жұмған фактісімен есепке алынса, 1 миллион 700 мың адам кәсіби аурулардың себебінен көз жұмады екен.

         Сонымен қатар, жыл сайын жұмысшылар өндірісте орын алатын 270 милион жазатайым оқиғалар мен 160 миллионға жуық түрлі жағдайлар салдарынан кәсіби ауру түрлерінен зардап шегеді және оның арты жұмысшының 3 күн бойы жұмыс орнында болмауына әкеп соғады. Еңбекті қорғау стандарттарын қамтамасыз етуге бей-жәй қараудың нәтижесінде әлемдік экономиканың ЖІӨ көрсеткішіне орта есеппен 4 % шамасында шығын келтірілуде.

         Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «ШҚО «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірге жыл сайын «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған өндірістегі жарақатты алдын алу және облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған актив жиынын өткізеді.

         Ағымдағы жылы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат пен кәсіби ауралар санын азайту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды - «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады.

         Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және әлеуметтік әріптестермен бірлескен облыстық үшжақты комиссияның отырысында «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» жылына арналған «Жол картасы» бекітілді.

         Бұл «Жол картасы» өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың деңгейін төмендетуге, өлім жағдайының алды алуға, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсартуға және Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы мен өмір ұзақтығын қамтамасыз етуге негізделген.

         Сонымен қатар, «Жол картасына» негізінде еңбекті қорғаудың басқару жүйесін, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ұлттық заңнаманы жетілдірудің, өндірістік жарақатты төмендету мен еңбек етуге қауіпсіз жағдай жасаудың шаралары енгізілді.

         Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы барлық жұмыс берушілерді және еңбек ұжымдарын «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» аясында өткізілетін шараларға Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар саны мен кәсіби ауруларды мүмкіндігінше төмендету үшін атсалысуға шақырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы                                             Т.О.Орынбеков


Автор: Жокебаев Кайрат Едилович - Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы;

Электронды еңбек шарттары

          Қазіргі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Е-hr электронды еңбек шарттарын қолданысқа енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты электронды үлгідегі еңбек шарттарына отыру процесін заңды тұрғыдан реттеп, кететін уақыт көлемін азайту. Сонымен қатар, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қағазбастылықтан және еңбек шарттарын жасаған кезде ұсынылатын құжаттар топтамасын жинаудан арылуға мүмкіндік береді. Министрлік электронды еңбек шарттарының құқықтық деңгейін реттеу мақсатында заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар топтамасы құжатын әзірледі. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап республикада электронды еңбек шарттарының есептік жүйесі енгізіледі.


Сұрақ - Жауап

Пятница, 12 Октябрь 2018 00:00 Автор

Жұмыс беруші, жұмыскерге оқу демалыстарын беруге міндеттіме, немесе жұмыс беруші, кәсіпорында ондай демалыс қарастырылмаған деп, бермеуге құқылы ма?

Жұмыс беруші білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін жұмыскерге оқу демалысын беруге міндетті.


Сұрақ - Жауап

Пятница, 28 Сентябрь 2018 00:00 Автор

Қандай жағдайда жұмыс беруші жұмыскерлерді демалыс және мереке күндеріндежұмысқа тартуға құқылы? Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы қалай төленеді?

Жұмыс беруші жұмыскерлерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға келесідей жағдайларда тартуға құқылы:

1) жұмыскерлердің жазбаша келісімі арқылы:

- демалыс және мереке күндерінде жұмысқа

2) жұмыскерлердің келісімінсіз:

- төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;

- тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін;

-ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері үшін.

Сондай-ақ, мереке күндері жұмысқа келесі жағдайларда тартылады:

үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін

- халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін

Егерде кәсіпорынның жұмысы күтпеген жұмыстарды орындау және (немесе) үздіксіз жұмыстарды орындаумен байланысты болған жағдайда, ауысымдық кестемен жұмысы қолданады және бұл кестеде мереке күндері алдын-ала жоспарланады.

Барлық жағдайларды жұмыскерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің жарлығымен жасалады.

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

 

 

Қызметкердің демалысты бөліп алуға құқығы бар ма? Демалысты күндерге бөліп беруге бола ма? Демалыстың бөліктерге бөлінуін қалай рәсімдеуге болады?

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Сондықтан демалысты (бөліктерге, оның ішінде күндер бойынша немесе бірден толығымен) қалай пайдалану мәселесі тараптардың келісімі бойынша шешіледі.

Өйткені, демалыстарды берудің кезектілігі, оның ішінде демалыс бөліктерге бөлінген кезде демалыстар кестесіне сәйкес анықталады, қызметкер демалыстар кестесін құру кезінде өзінің демалысты бөліктерге (күндер бойынша) бөліп пайдалануға ниетті екенін мәлімдеуі керек. Қызметкер өзінің демалысты бөліктерге (күндер бойынша) бөліп пайдалу ниеті жайлы демалыстар кестесі құрылғаннан кейінде талап ете алады. Мұндай өтінішті қағанаттандыру немесе жоқ- жұмыс берушінің құқығы.

Осылайша, демалыстың бөліктерге бөлінуін ресімдеу келесідей болуы мүмкін:

- демалыстарды бөлуді демалыстар кестесінде қарастыру;

- қызметкердің тиісті өтініш жазуы арқылы және жұмыс берушінің өтініш негізінде тиісті бұйрықтың шығарылуы;

Бұл ретте, демалысты бөлу кезінде оның кем дегенде бір бөлігі екі күнтізбелік апта болу керектігін есте сақтау қажет.


Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет)   кәсіпкерлерге қөмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.

Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді.

Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы көрсетіледі.

Кәсіпкерге тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заңбұзушылықтар туралы онлайн режимінде шағым жіберуге мүмкіндік бар.

Жіберілген бұзушылықтар туралы хабарламалар жедел түрде жауап беру үшін дереу Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне келіп түседі.

Сондай-ақ, электрондық акт енгізу жолымен мемлекеттік органмен тағайындалған тексеруді тіркеу тәртібі оңайлатылған.

2018 жылдың2-жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдар, прокуратура органында тіркелген электрондық актіні өздерінде басып шығарып, оны кәсіпкерге ұсына алады.

Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытты қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқада артықшылықтарға ие.

Электрондық акттың QR-коды (графикалық кілт) болады.

Кәсіпкер электрондық акттен үрейленбеуі керек, себебі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжат электронды-сандық нысандағы ақпараттардан құралады, электронды-санды қолтаңбамен куәландырылады және оның заңды күші қағаз үлгідегі қол қойылған құжатпен тең жүреді.

Өз кезегінде кәсіпкер оның түпнұсқа екенін «Qamqor» қалта көмекшісі арқылы тексере алады.

Бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында республика экономикасының даму қарқынын арттыру міндетін орындау және санды технологияларды қоладану арқылы халықтың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыс.


1. Мен жүкті болсам, менің қызмет орнымды қысқарту жөніндегі шешімі заңды ма? Басқа қызмет орны осыдан жеңіл болмаса, менің келісімімсіз басқа қызмет орнына аударуға заңды ма?

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес (ары қарай-Кодекс) жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

Кодекстің 44-бабына сәйкес, жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.

Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға жатады.

Егер де Сіз он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті ана болсаңыз, осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негізде Сізбен еңбек шартын бұзуды алдын алу үшін жұмыс берушіге некені бузу туралы куәлігін беруге құқылысыз.

2. Мені заңсыз жұмыстан босатты. Сотқа арыз беруді көздедім, бірақ маған келісу комиссиясына жүгіну керек екенін түсіндірді. Бұл не орган?

Жауап: Кодекстің 159-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін (орташа жылдық жұмысшылар саны 50-ден аспайтын жеке кәсіпкерлер, орташа жылдық жұмысшылар саны 50-ден аспайтын және орташа жылдық активтер құнының 60000 еселілік АЕК көрсеткішінен астам емес заңды тұлғалар) және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.

Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.

Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

3. Мен уақытша еңбекке жарамсызбын. Бастықтың сұрауы бойынша аурулық қағазын жаппай жұмысқа шықтым. Осындай жағдайда Заң бойынша қалай әрекет ету керек?

Жауап: Кодекстің 133-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмысшының оны еңбекке уақытша қабілетсіздігі парағы бойынша болғандағы жұмысқа шақырту еңбек заңнамасымен қарастырылмаған.

4. Еңбек демалысында жүріп қатты ауырып қалдым. Демалысты ұзартуға құқығым бар ма?

Жауап: Кодекстің 94-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:

-жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;

-жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.

Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін. Осыған орай, Сіз жыл сайынғы еңбек демалысын ұзарту жөнінде жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылысыз.

5. Еңбек шартына сәйкес демалысты бөліктермен алуға болады, бір бөлігі 14 күннен кем емес болу керек екендігі шын ба?

Жауап: Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жалпы ереже бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы ҚР еңбек заңнамасымен қарастырылған мерзімі шегінде бір рет толығымен беріледі. Көрсетілген демалысты бөліктерге бөлгенде: бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

6. Бірінші инстанцияның сотымен кәсіпорын банкрот деп танылды, аппеляциялық коллегияның қаулысымен бірінші инстанцияның сотының шешімі жойылды. Кәсіпорынның мүлкі жоқ, активі нөлдік. Осы жұмыс берушіден еңбекақымды қалай өндіре аламын?

Жауап: Сот кәсіпорынның банкрот екенінің күшін жойған жағдайда, жұмыскер еңбек бойынша уәкілетті органға («ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ) немесе азаматтық сот ісін жүргізу ретімен сот инстацияларына жүгінуге құқылы (ҚР ЕК 159-бабы).

7.Жұмыстан босатылғаннан кейін қанша уақытта еңбекақыны төлеуге міндетті және оны төлемесе не істеу керек?

Жауап: ҚР ЕК 133-бабының 4 тармағына сәйкес, Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тиесілі сомалардың төленбеген жағдайында жұмыскер уәкілетті органға немесе азаматтық сот ісін жүргізу ретімен сот инстацияларына жүгінуге құқылы (ҚР ЕК 159-бабы).

8. Мұғалімдерді біліктілікті арттыру оқу курстарына жиі жіберіп отырады. Мұғалімнің курстары күніне 8 сағаттық жүктелімге қарамастан өтеді, яғни 5 күнде – 40 сағат. Бұйрық жұма күнімен бітетіндіктен, сенбі күні адамдар жұмысқа шығады, өйткені мектептерде 6-күндік жұмыс аптасы. Сөйтіп, мұғалімнің жұмыс аптасы сенбідегі жүктелімге байланысты 43-47 сағатты құрайды. Бұл еңбек занамасының бұзылуы болып санала ма?

Жауап: Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтылығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. ҚР ЕК 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті. Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады. Жұмысшыға іс жүзінде атқарылған жұмысы үшін еңбекақы төленеді. Ай қорытындысы бойынша, жұмыскердің жұмыс уақытының ұзақтылығы жұмыс уақыттың нормасыннан асырса, ҚР ЕК 108-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмысшының жұмыс істеген үстеме сағаттарын төлеуі міндетті.

9. Мен қан донорымын. Менің демалыс алуға құқығым бар ма?

Жауап: ҚР ЕК 126-бабына сәйкес  Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

10. Бір ұйымда ресми декреттік демалыста болған әйел, басқа ұйымға ресми түрде жұмысқа шыға ала ма? Осы жағдайда жылдық жәрдемақы төлемі сақтала ма?

Жауап: Декреттік демалыс кезіндегі басқа ұйымда жұмыс істеу Еңбек кодексімен тыйым салынбаған. Жұмысшы қоса атқарушылық жұмыс туралы еңбек қатынастарында болған жұмыс берушіден басқа, бірнеше жұмыс берушілермен еңбек шартын жасасуға құқылы. Әлеуметтік сақтандыру қорының ақпаратына сәйкес қолданыстағы заңнама бойынша осы факт жәрдемақы төлемін тоқтатуға негіз ретінде қаралмайды.


Бекітемін:                                                

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

мемлекеттік еңбек инспекциясы        

басқармасының басшысы                   

______________ Б. Қизатов                  

31 наурыз 2017 жыл                              

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін

өткізу туралы іс-шаралар жоспары

 

 

Іс-шаралар Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4
Жалпы іс-шаралар
1 «Сенім 2017» конкурсына облыс кәсіпорындарын қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру 05.04.2017 жылға дейін Аблкайров К.К., Кунафиянов Н.Б., бөлім басшылары, мемлекеттік еңбек инспекторлары
2 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «ШҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізу 30.04.2017 жылға дейін Аблкайров К.К., Кунафиянов Н.Б., бөлім басшылары, мемлекеттік еңбек инспекторлары
3 Облыс кәсіпорындары Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізген іс-шаралар туралы ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолдау 28.04.2017 ж. бөлім басшылары, мемлекеттік еңбек инспекторлары
4 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізгеннен кейін жалпылама материалдарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ұсыну 30.04.2017 жылға дейін

Кунафиянов Н.Б.,

Исканова Д.А.

Өскемен қаласы
1 Алдағы жоспарлары (іс-шаралары) туралы ақпарат алу 15.04.2017 жылға дейін Асанова Д.Р., Терликпаева Э.О.
2 Кәсіпорын басшылары мен жұмыскерлер арасында кездесу, әңгіме өткізу 15.04.2017 жылға дейін Асанова Д.Р., Терликпаева Э.О.
3 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Земстрой» ЖШС, «ЛегионСтройГрад» ЖШС кәсіпорындарының еңбек ұжымымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Куандыков А.А.
4 Кәсіпорын мен мекеме, сонымен қатар кәсіптік лицей, колледж, мектеп басшыларына Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту туралы хат жолдау сәуір 2017 жыл

Куандыков А.А.

Орынбеков Т.О.

Утемжаров Д.К.

5 Айлық мерзімінде облыс кәсіпорындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу сәуір 2017 жыл

Куандыков А.А.

Утемжаров Д.К.

6 Мекемелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша плакаттар мен стендттер ілінуін ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Утемжаров Д.К.
Семей қаласы
1 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған кәсіпорындарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
2 «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС, «Каражыра ЛТД» ЖШС, «Семей су жолдары» ЖШС, «Металлист» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Семей Водоканал» МКК кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша лекция өткізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
3 «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбында өндірістік кәсіпорындардың басшылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жұмысшыларына семинар өткізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
4 Семей өңірінің кәсіподақтар бірлестігімен бірігіп, бастапқы кәсіподақтар ұйымдары мен жұмыс берушілерді шақырып, семинар өткізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Риддер қаласы
1 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «ВостокЭнергоИндустрия» ЖШС, «Самырсын» ЖШС, «Риддер-Электро-Монтаж» ЖШС кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесу өткізу 25.04.2017 жылға дейін Шәріпқазин А.Ш.
2 Риддер қаласының кәсіпорындарына Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне іс-шаралар ұйымдасдастыру туралы хат жолдау. Ақпараттық стендтерде қауіпсіз жұмыс жүргізу туралы жаднамаларды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша плакаттарды орналастыру 05.04.2017 жылға дейін Шәріпқазин А.Ш.
3 Жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерін шақырып, «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу 25.04.2017 жылға дейін Шәріпқазин А.Ш.
4 Жұмыс орындарында ақпараттық парақтар тарату арқылы кәсіпорында және мекемеде болған жазатайым оқиғалар туралы мәлімет беру 25.04.2017 жылға дейін Шәріпқазин А.Ш.
5 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні айлығын қорытындылау 25.04.2017 жылға дейін Шәріпқазин А.Ш.
Курчатов қаласы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» АҚ-да лекция өткізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Зырян ауданы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
2 «Казцинк» ЖШС ЗКБК, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Коллизея» ЖШС, «Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы плакаттар және ұрандар жариялауды ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
3 «Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Нивы Чапаево» ЖШС, «Санур-Агро» ЖШС,   «Құрылыс және транспорт колледжі» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
4 Аудандық газетте материал жариялау сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
Ұлан ауданы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы плакат және ұран жариялауды ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
3 Ұлан ауданы әкімдігінің «Ұлан мал дәрігері» ШЖҚ КМК, «Молодежное» КМҚК, «Ұлан аудандық орталық ауруханасы» КМК ұжымдарымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
4 Аудандық «Ұлан таңы» газетіне материал жариялау сәуір 2017 жыл Кожаканов Ж.М.
Күршім, Катон-Қарағай аудандары
1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға арналған іс-шаралар өткізу туралы Күршім және Катон-Қарағай аудандарының 20 мекемелері мен кәсіпорындарына материал жіберу сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
2 «Рауан» және «Арай» газеттері арқылы жұмыс берушілерге «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбына айлық өткізу туралы үндеу тастау сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
3 «Күршім орталық ауруханасы» КМҚК, «Күршім орман шаруашылығы» ММ, «Катон-Қарағай ауданының денешынықтыру және білім бөлімі» ММ, «Күршім ауданының білім бөлімі» ММ, «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымдарымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
4 «Күршім мал дәрігері» КМҚК және «Күршім ауылының бала-бақшасы» КМҚК мекемелерінде «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбына ұран жариялауды ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
5 «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбына «Қазақтелеком» АҚ Күршім АЖТ-да конкурс өткізу сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
6 Күршім және Катон-Қарағай аудандарының 30 шаруа қожалықтарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға арналған ескертпелер тарату сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
7 Күршім ауданының «Рауан» және Катон-Қарағай ауданының «Арай» газетіне мақала жариялау сәуір 2017 жыл Менгалиев Д.К.
Абай, Бесқарағай аудандары
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Абай орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-да лекция өткізу сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Жарма, Көкпекті, Зайсан аудандары
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Садыков М.М.
2 Мекемелер, кәсіпорындар, мектеп ұжымдарымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Садыков М.М.
3 «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлықты өткізу жұмыстарын қорытындылау сәуір 2017 жыл Садыков М.М.
Үржар ауданы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Нияткабылов Е.С.
2 Кәсіпорындар мен мекемелердің жауапты тұлғаларымен семинар өткізу сәуір 2017 жыл Нияткабылов Е.С.
3 Еңбек ұжымдарында лекция өткізу сәуір 2017 жыл Нияткабылов Е.С.
4 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні айлығын қорытындылау сәуір 2017 жыл Нияткабылов Е.С.
Аягөз ауданы
1 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Казминералз Актогай» ЖШС, «ҚТЖ ҰК» «Аягөз жол дистанциясы» филиалы, жұмысшыларымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Ериманов С.Н.
2 Айлық мерзімінде облыс кәсіпорындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу сәуір 2017 жыл Ериманов С.Н.
3 Аягөз ауданының кәсіпорындарына Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне іс-шаралар ұйымдастыру туралы хат жолдау сәуір 2017 жыл Ериманов С.Н.
4 «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты оңтайландыру, жинақтау және пайдалану» тақырыбына кәсіпорындарда презентация өткізілуін ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Ериманов С.Н.
Тарбағатай ауданы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Сагатбеков Д.М.
2 «ПМК Құрылыс» ЖШС аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы плакат және ұран жариялауды ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Сагатбеков Д.М.
3 Айлық мерзімінде облыс кәсіпорындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу сәуір 2017 жыл Сагатбеков Д.М.
4 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні айлығын қорытындылау сәуір 2017 жыл Сагатбеков Д.М.
Бородулиха ауданы
1 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Шемонаиха ауданы
1 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Восток-Агропром» ЖШС, «Шемонаиха Водоканалы» ШЖҚ КММ жұмысшыларымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Сапаргалиев А.Е.
2 Мекемелер мен кәсіпорындарға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу және 2017 жылы сәуір айын-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы болып, жариялануы туралы ұсыныспен хат жолдау сәуір 2017 жыл Сапаргалиев А.Е.
3 Айлық мерзімінде облыс кәсіпорындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу сәуір 2017 жыл Сапаргалиев А.Е.
Глубокое ауданы
1 «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс өндірістік кешенінің аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы плакат және ұран жариялауды ұйымдастыру сәуір 2017 жыл Орынбеков Т.О.
2 «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс өндірістік кешенінің еңбек ұжымымен кездесу өткізу сәуір 2017 жыл Орынбеков Т.О.

Басқарма басшысының орынбасары                                                                          К.Аблкайров


Кәсіпорындардың тізімі Жазатайым оқиғалардың саны Зардап шеккендердің саны, адам Қайтыс болғандардың саны, адам Себептері
1 «КБК Стройремсервис»  ЖШС 1 1 1 Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы. Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы.
2 «Алем жолдары» ЖШС 1 1 1 Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы. Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы.
3 ҚР ҰҚК ШК 2017 әскери бөлімі 1 1 1 Ақаулы жабдықтарды пайдалану
4 Любовь Анатольевна Семикова жеке кәсіпкері 1 1 1 Л.А.Семикова жеке кәсіпкерітарапынан жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы
5 «Шығыстүстімет» ЖШС 9 9 1

1. «Шығыстүстімет»  ЖШС және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК-ныңжұмысшыларының 13 горизонттың оңтүстік-далалық штректе ауаның сынамасын іріктеу жұмыстарын жүргізудегі жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс температурасы мен газдануы ;

2.«Шығыстүстімет»  ЖШС-ның жұмысшысы А.К.Асылбековтың өрескел абайсыздығы; 3.«Шығыстүстімет» ЖШС-ның басшылары тарапынан жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы;

4. ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК-ның тарапынан жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы.

6 ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК-ның 1 2 2

1. «Шығыстүстімет»  ЖШС және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК-ныңжұмысшыларының 13 горизонттың оңтүстік-далалық штректе ауаның сынамасын іріктеу жұмыстарын жүргізудегі жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс температурасы мен газдануы ;

2.«Шығыстүстімет»  ЖШС-ның жұмысшысы А.К.Асылбековтың өрескел абайсыздығы; 3.«Шығыстүстімет» ЖШС-ның басшылары тарапынан жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы;

4. ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК-ның тарапынан жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы.

Ескерту: Тергеп-тексеру  қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтарға жол берген  кәсіпорынның жауапты тұлғалары тәртіптік жазаға тартылды. 


Өндіріс процесіндеқызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық жұмыс берушілер үшін негізгі қағидалар болуы тиіс. Қолданыстағы Еңбек кодексіндежұмыс берушінің және жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері анық белгіленген. Осы бір міндеттердің бірі- әрбір өндірістік жарақатты және денсаулығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы тиісті қызметтерді хабардар ету болып табылады.


Еңбекақы төлеу

Вторник, 12 Апрель 2016 00:00 Автор

Еңбекақы төлеу


Контактные данные

Почтовый адрес Управления: 070004, ВКО, г. Усть-Каменогорск, ул. Карла Либкнехта, 19
Эл. адрес: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Телефон доверия: 25-65-02
Режим работы: с 9.00 до 18.30 ч. обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 ч.
Уполномоченный по этике Управления - Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна, рабочий телефон: 25-65-74.

 


Отдел контроля трудового законодательства по г. Семей
Почтовый адрес: 071400, ВКО, г. Семей, ул. Козбагарова 40, кабинет 405
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Режим работы: с 9:00 до 18:30 ч. обеденный перерыв с 13:00 до 14:30 ч.

 


Отдел контроля трудового законодательства по г. Риддер
Почтовый адрес : 071300, ВКО, г. Риддер, ул. Тохтарова, 21
Телефон: 8 (72336) 44-279
Режим работы: с 9:00 до 18:30 ч. обеденный перерыв с 13:00 до 14:30 ч.

Баннеры

2 1    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz