Sunday, August 25, 2019

          

Государственные символы
 Республики Казахстан

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Оцените материал
(0 голосов)

         «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ

070004, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, 7-қабат

байланыс телефоны: 256502, e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы -2 бірлік (D-О-3 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932,34 теңгеден 148242,10 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: бөлімге жалпы басшылық жасау, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру, заңнама талаптарының бұзылуын жібермеу, алдын алу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, бұзушылықтардың салдарына талдау жасау, еңбек қатынастары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың  арыз-шағымдарын қарау; еңбектік құқық мәселелері бойынша аудан және қала мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасының заңнамаларының және басқа да еңбек, халықты жұмыспен қамту туралы нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуын қорытындылау, жинақтау және талдау, және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану, сонымен қатар олар бойынша есептер жасау; еңбек ұжымдары және халық арасында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; еңбек қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету.

Білімі:Жоғары білім, келесі бөлімдер мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылуэнергетикасы, электрэнергетика, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), жалпытехникалық пәндер және еңбек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

       4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы -2 бірлік (D-О-4 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру, заңнама талаптарының бұзылуын жібермеу, алдын алу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, бұзушылықтардың салдарына талдау жасау, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау; Қазақстан Республикасының заңнамаларының және басқа да еңбек, халықты жұмыспен қамту туралы нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуын қорытындылау, жинақтау және талдау, және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану, сонымен қатар олар бойынша есептер жасау; еңбек қатынастары мәселері бойынша ақпараттық-имидждік және түсіндірме жұмыстарын жүргізу; белгіленген нысандар бойынша есептер жасау.

Білімі:жоғары білім, келесі бөлімдер мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылуэнергетикасы, электрэнергетика, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі).

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талап: тұрғылықты жері Зырян қаласы болу.

бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің бас маман-бухгалтері-1 бірлік /негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне/ (D-О-4 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін)

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып-алудың, бюджеттік қаржы есебінің, штаттық кестенің жылдық жоспарын құру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып-алуды жүргізу, есеп және бюджеттік қаржыландыру бойынша шығындарды дұрыс есептеу, кассалық шығынды есепке алу және есептілікті жүзеге асыру, басқарманың құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз ету үшін шығындар есебінің орындалуы туралы жылдық есепті құру; негізгі мүліктің есебін жүргізу, түгендеу және есептен шығару; қаржыландырудың жылдық жоспарын уақытылы орындау; алдағы жылға бюджеттік өтінімді дайындау, статистика және мемлекеттік сатып-алу бойынша есепті жүргізу.

Білімі: жоғары білім, келесі бөлім мамандықтары бойынша:  «Экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, есеп және аудит)

Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы-1 бірлік(D-О-4 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282,08 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру, заңнама талаптарының бұзылуын жібермеу, алдын алу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, бұзушылықтардың салдарына талдау жасау, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау, өндірістегі болған жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды дер кезінде тексеру, есепке алу және талдау жасау; өндірістік жарақат алудың және кәсіби аурулардың жағдайы мен себебіне талдау жасау, оларды алдын - алу бойынша ұсыныстар әзірлеу; белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеру жүргізуді ұйымдастыру; еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Білімі: жоғары білім, келесі бөлім мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Кәсіби біліктілігі:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;

 2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылыкелесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ШҚО, Өскемен қ., К.Либкнехт к., 19,              706 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 256502, e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Прочитано 5507 раз

Контактные данные

Почтовый адрес Управления: 070004, ВКО, г. Усть-Каменогорск, ул. Карла Либкнехта, 19
Эл. адрес: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Телефон доверия: 25-65-02
Режим работы: с 9.00 до 18.30 ч. обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 ч.
Уполномоченный по этике Управления - Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна, рабочий телефон: 25-65-74.

 


Отдел контроля трудового законодательства по г. Семей
Почтовый адрес: 071400, ВКО, г. Семей, ул. Козбагарова 40, кабинет 405
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Режим работы: с 9:00 до 18:30 ч. обеденный перерыв с 13:00 до 14:30 ч.

 


Отдел контроля трудового законодательства по г. Риддер
Почтовый адрес : 071300, ВКО, г. Риддер, ул. Тохтарова, 21
Телефон: 8 (72336) 44-279
Режим работы: с 9:00 до 18:30 ч. обеденный перерыв с 13:00 до 14:30 ч.

Баннеры

2 1    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz