Қазақстанда еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында болатын «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру жалғасып жатыр
1 қазанда еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында өтетін «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру басталды.
Онлайн-дауыс беру 2018 жылдың 20-шы қазанына дейін жалғасады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.
Осыған орай, Конкурс жеңімпаздарын республикалық деңгейде анықтау мақсатында баршаңызды Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми сайтында қатысушыларға белсенді түрде онлайн дауыс беруге шақырамыз.