Wednesday, October 23, 2019

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

 

28.03.2019 жыл

Электронды еңбек шарттары

         Қазіргі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Е-hr электронды еңбек шарттарын қолданысқа енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты электронды үлгідегі еңбек шарттарына отыру процесін заңды тұрғыдан реттеп, кететін уақыт көлемін азайту. Сонымен қатар, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қағазбастылықтан және еңбек шарттарын жасаған кезде ұсынылатын құжаттар топтамасын жинаудан арылуға мүмкіндік береді. Министрлік электронды еңбек шарттарының құқықтық деңгейін реттеу мақсатында заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар топтамасы құжатын әзірледі. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап республикада электронды еңбек шарттарының есептік жүйесі енгізіледі.

         Е-hr электронды еңбек шарттарын тіркеу пилоттық жобасына қатысу ерікті түрде жүзеге асырылуда. 2018 жылдың 1-ші қарашасынан бастап Enbek.kz порталында кадрлық есеп жүйесінің ақпараты жазылмаған мекемелерге арналған электронды еңбек шарттарының сервисі іске қосылды. 2019 жылы Egov.kz порталында осыған ұқсас сервисті іске қосу жоспарда бар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында электронды еңбек шарттарын есепке алу бойынша бірыңғай сақтау орыны құрылды. («Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» Автоматтандырылған ақпарат жүйесі), еңбек шарттарын тіркеуге арналған интеграциялық жүйе, еңбек шарттары мен еңбек шарттарын бұзу туралы қосымша келісім, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы жұмыскер туралы жеке мәлімет қалыптастыру. Жұмысшының жеке мәліметтерін өңдеуге қатысты келісімін алу жайы қарастырылуда.

         Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі - қолданыстағы еңбек кітапшасынан және еңбек шарттарын жасау кезіндегі ұсылынатын қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді. Жұмысқа орналасу кезінде талап етілетін диплом, өзгеде анықтамалар бірыңғай базаға енгізіледі. Сондықтан жұмыс іздеуші жұмысқа орналасу кезінде осы құжаттарды тапсыруы қажет емес. Бұл жұмысқа орналасудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Еңбек шарттарына қатысты алып-сатарлыққа тосқауыл қойылады. Жұмысқа орналасу кезінде еңбек шарттарын жасау онлай-режимде жүргізіледі.

         Бүгінгі таңда жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында іскерлік қарым-қатынастарды осылай рәсімдеу әдісі аса маңызды, себебі қазір көбі бір-бірімен қашықтықтан әріптестік орнатады.Алдағы уақытта жұмысқа орналасу үшін тек қана бір құжат талап етіледі. Ол азамттың жеке куәлігі. Өзге ақпарат базада сақталады.

Жүйе жұмысының механизмі: Мәселен, жұмысқа тұрушы азамат жұмысқа оналасуға келгенде жұмыс берушіге өзінің жеке куәлігін береді. Жұмыс беруші жұмысқа тұрушының ЖСН оның жеке ісіндегі деректерді алу үшін «Еңбек шарттарының бірыңғай есеп жүйесі» Автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне сұраным береді. Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесі арқылы жұмысқа орналасушы туралы мәліметті жинақтап, жұмыс берушіге жібереді. Егер де қажетті құжаттар жоқ болса, не болмаса анықтамалар мерзімі өткен жағдайда (мәселен, азаматтың медициналық тексеруден өтпегеніне көп уақыт болса) потенциалды жұмысшы ол туралы хабарландырылады.

         Жұмысшының жеке ісін алып, танысқан соң жұмыс беруші жаңа қыметкерді жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарып, еңбек келісімшартына электронды түрде яғни, ЭСҚ көмегі арқылы немесе қағазға) қол қояды.

         Жұмыс беруші «Еңбек шарттарының бірыңғай есеп жүйесі» Автоманттандырылған ақпараттар жүйесіне еңбек шартын тіркеуді жүзеге асырады.

         Электронды шартта қағаз нұсқасы туралы барлық мәлімет, яғни, екі жақ реквизиттері, еңбек жағдайлары, демалыс тәртібі, жалақы мөлшері, жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары, міндеттері көрсетіледі.

         Жұмыс беруші еңбек шартына енгізілген өзгерсітер мен еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты бірден тіркеп отыруға міндетті.

         Жұмысшы үшін тиімді тұстары:

         Жұмысқа орналасу уақытын оңтайландыру. Құжат жинау қажеттлігінің жойылуы (мекенжай, медициналық анықтамалар, аттестат, диплом, құжатқа қатысты ақпарат, резюме, жұмыс өтілі, сотталмағандығы туралы анықтама)

         Әлеуметтік қатерден қорғау: жұмыс берушінің жұмысшы алдындағы міндеттерін бекітеді, қорларға аударылатын жарналарға бақылау жүргізіледі, шарттың бар болуы қадағаланады.

         Жұмыс берушілер үшін тиімді тұстары:

         Еңбек шарттарын рәсімдеу құнын төмендетеді (қағаз нұсқасында кадрлық құжаттамаларды енгізу міндемелері жойылады)

         Жұмысшының жеке ісін қалыптастыру сервиріне қолжетімділік арқылы таңдау мүмкіндігінің болуы, жалған құжат жасау қаупі барлық ақпарат электронды үкімет порталы арқылы алынатындықтан болмайды.

         Бұл жүйенің қолданысқа енуі нәтижесінде мемлекет азаматтардың жұмыс берушілермен еңбек қатынастары бақылап қадағалауға, елдегі жұмысшылар санына бағалау жасау арқылы олардың жұмыспен қамтылуына қажетті тиісті шараларды қолдануға мүмүкіндік алады.

         Сонымен қатар, электронды еңбек шарттарын жасау жұмыс берушінің міндеттерін айқындап, ай сайынғы міндетті зейнетақы және әлеуметтік жарналардың аударылымын бақылау арқылы жұмысшыға төнетін әлеуметтік қатерден қорғауға мүкіндік береді.

         Жұмыс беруші үшін қолайлы кадрлық іс жүргізуде қызметкерді жалдауға не ауыстыруға болады. Сондай-ақ, үміткердің электронды жеке ісіне қолжетімді болғандықтан ол жеке куәлігі, білімі, еңбек өтілі, қызметі, біліктілігі туралы анық деректерді ала алады. Осының нәтижесінде білікті кадр таңдау сапалы болады.

 

0

2


27.03.2019 жыл

Нұсқаулық

Анықтамалық мәліметтер

Басқарманың пошталық мекен-жайы: 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19
Эд. пошта: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Сенім телефоны: 25-65-02
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.30 с. түскі үзіліс 13.00 - 14.30 с.
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі - Қарлығаш Қайырлықызы Нұрекенова, жұмыс телефоны: 25-65-74.

 


Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40 үй, 405 бөлме
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

 


Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 21 үй
Телефон: 8 (72336) 44-279
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

Баннеры

Atau.kz  balatili.kz

Emle.kz  sozdikqor.kz

termincom.kz  tilalemi.kz

tilmedia.kz  tilqural.kz

 

www.qazlatyn.kz

ekstu en

 rusekstu

kzekstu

21

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz