Monday, December 17, 2018

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (Ары қарай – ҚР ЕК) 24 бабына сәйкес:

Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге,     осы ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

ҚР ЕК 28 бабына сәйкес еңбек шарты міндетті түрде келесі деректер болу керек:

1) тараптардың деректемелері:

жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;

жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);

жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

3) жұмыстың орындалатын орны;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;

10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

12) тараптардың жауаптылығы;

13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

Еңбек шарты (ҚР ЕК 30б.) жасалу мерзімдері:

1) белгіленбеген мерзімге;

 2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін;

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;

Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі (ҚР ЕК 27б.)

Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:

1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;

3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.

Еңбек шартын жасаспау немесе жұмыс берушінің еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, Сіз ҚР заңнамасымен қарастырылған елеулі жеңілдіктерден айырыласыз, олар:

-         зейнеткерлік өтіл;

-         сақтандыру жағдайының пайда болуы;

-         медициналық сақтандырудың кепілді пакеті;

-         Еңбек кодексімен берілетін кепілдіктердің сақталмауы: төленетін демалыс пен ауырғанға, жұмыс уақыты нормаларын және жұмыстағы үзілістердің сақталуы, әлеуметтік демалыстардың берілуі, жұмыс орындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және т.б.;

-         еңбек өтілінің жоқтығы (бейресми жұмыстағы барлық жұмыс уақыты жалпы еңбек өтіліне кірмейді);

Егер Сіз жалдамалы жұмысшы болсаңыз, осыған жол бермеу үшін сіздерге ұсынарымыз:

-         жұмыс берушіге еңбек шартын жасасу, міндетті зейнетақы жарналарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша жазбаша немесе ауызша өтініш жасау;

-         жұмыс берушінің бас тарту жағдайында, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына белгіленген формада өтініш жазу;

-         әлеуметтік шиелініске жол бермеу мақсатында әлеуметтік әріптестер (Кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақтар, әкімдіктер) жұмыс берушілерге еңбек шарттарды жасасудың қажеттілігі және МЗЖ, ӘА міндетті түрде аударуы жөнінде үндеу жасап, жұмыс берушілерге еңбек шарттарын жасаспау үшін 60 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл жауапкершілігі жөнінде еске салу.

 

Өтініш үлгісі

Анықтамалық мәліметтер

Басқарманың пошталық мекен-жайы: 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19
Эд. пошта: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Сенім телефоны: 25-65-02
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.30 с. түскі үзіліс 13.00 - 14.30 с.
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі - Қарлығаш Қайырлықызы Нұрекенова, жұмыс телефоны: 25-65-02.

 


Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40 үй, 405 бөлме
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

 


Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 21 үй
Телефон: 8 (72336) 44-279
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

Баннеры

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz