Sunday, August 25, 2019

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна

Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна

PHOTO 2019 07 31 16 17 17

2019 жылғы 31 шілдеде облыстық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында еңбекақы берешегі, төмен жалақы алатын қызметкерлердіңайлық жалақысын өсіру өндірістік жарақаттану, шетелдік жұмыс күшін тарту, еңбекақы төлеудегі сәйкессіздік, облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайлары, «Электрондық еңбек биржасы» порталында еңбек шарттарын тіркеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, «2019-2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысында өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы» бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.


2019 жылғы 31 шілдеде облыстық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында еңбекақы берешегі, төмен жалақы алатын қызметкерлердіңайлық жалақысын өсіру өндірістік жарақаттану, шетелдік жұмыс күшін тарту, еңбекақы төлеудегі сәйкессіздік, облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайлары, «Электрондық еңбек биржасы» порталында еңбек шарттарын тіркеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, «2019-2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысында өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасы» бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

PHOTO 2019 07 31 16 17 17


Республикалық "Birge - TazaQazaqstan" акциясы

Бүгінде экология мәселесі әлемдік проблемаға айналып отыр. Жыл өткен сайын қоршаған ортаны ластайтын қоқыс түрлерінің көбейгенін мамандар сан мәрте жазды. Ал оның ауа мен топыраққа қаншалықты зиян екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан бізді қоршап тұрған табиғатты қорғау, таза ұстау, экологиялық мәдениет қалыптастыру маңызды. Елдегі, тіпті өңірдегі әрбір тұрғын осы тазалықты өз ауласынан бастаса, экологияны қорғауға қосқан үлесі емес пе?!

Республикалық "Birge - TazaQazaqstan" акциясына ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлері де қатысты. Басқарма ұжымы Котлован аумағын тазалап, Жер-Анаға қамқорлық көрсетті.

1

21 43

33333


Республиканская акция "Birge - TazaQazaqstan"

Сегодня вопрос экологии становится мировой проблемой. Экологи утверждают, что количество мусора, загрязняющего окружающую среду, растет с каждым годом. Отходы разлагаясь, вредят почве и воздуху. Поэтому важно беречь природу, поддерживать чистоту, формировать экологическую культуру. Каждый житель страны, региона может "начать с себя".

Сотрудники управления Государственной инспекции труда ВКО приняли участие в республиканской акции "Birge - TazaQazaqstan". Коллектив управления очищал территорию Котлована. Инспекторы считают, "такой пример должен быть заразительным".

1

 

21 43

33333


Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қабылданған «парасаттылық декларациясын» қабылдады.


    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны Қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады.

     Электрондық тәсілдің бірнеше нұсқасы бар:

– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;

– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;

– электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электрондық үкімет порталының   Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.

         egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.    

Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді көшірме оған Қор кеңсесіне өздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) Қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін Қор мамандары ЖСН мен құпиясөздің көмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге көмектеседі.

Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін таңдауға және өзгертуге болады. Сондай-ақ Қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың көлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз.

ЭЦҚ және ЖСН мен құпиясөзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктей аласыз. Ол қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді білуге, Қордың жергілікті кеңселерінің мекенжайларын көруге және Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында өте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай өзгерген жағдайда бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалсмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да үзінді көшірме жібермейді.


БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегімен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазіргі өркениеттің қарыштап дамып жатқан кезеңінде өте маңызды екені сөзсіз.

Интернет – белсенді қолжетімділік құралы, ал ұялы қосымша – ақпарат алудың заманауи тәсілі. Қазіргі уақытта олар көпшілік салымшылар үшін ең сұранысқа ие қызметтердің біріне айналған.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшін де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйін, зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі өтініштің орындалу барысын, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістерді, Қордың жақын жердегі кеңсесінің мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшін БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін). Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген.

Қор сайты арқылы тиісті нысанды толтырып, кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтініште көрсетілген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ онлайн кеңес беруші қызметі арқылы да онлайн тәртібінде ақыл-кеңес алуға болады.

Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тікелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы өздерін толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады.

2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берілді. Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенімді арттыра түседі.

What’s Арp сервисі арқылы +7 777 000 1418 нөмірі бойынша Қор маманына хабарласып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметі де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кішігірім үзінді көшірме алып, оны электронды поштаңызға жібере аласыз. Айтпақшы, осы сервистің көмегімен Жеке кабинетке арналған пароліңізді қалпына келтіріп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, жақын маңдағы кеңсесінің мекенжайын анықтауға болады.  

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға септігін тигізеді. Ал олар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары екені белгілі. Сәйкесінше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс істейді. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты.

Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтерді қоспағанда, БЖЗҚ қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздің көмегімен анықтауға болады.


            «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы

басқармасы» ММ

070004, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, 7-қабат

байланыс телефоны: 256502, e-mail:enbek-i@akimvko.gov.kz

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс жариялайды

әлеуметтік саладағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторына № 04-3, (D-О-4 санаты бойынша лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 305,64 теңгеден 146 177,22 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: еңбек, жұмыспен қамту, мүгедектерді қорғау туралы заңнамалардың, шет ел жұмыс күшін тарту мен қолдану ережесінің сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру, заңнама талаптарының бұзылуын жібермеу, алдын алу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, бұзушылықтардың салдарына талдау жасау; еңбек заңңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау; жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлер мен тұлғалардың білімін тексеруді жүргізу; өндірістегі ауыр және адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаларды тексеру комиссиясының құрамына қатысу; белгіленген нысандар бойынша есептер жасау; еңбек заңнамасы, мүгедектерді қорғау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттар, анықтамалар дайындау, түсіндерме жұмыстарын жүргізу.

Білімі:Жоғары білім, келесі тараулардың мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, еңбекті нормалау және ұйымдастыру), «Қызмет көрсету» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), «Ауылшаруашылық ғылымдары» (ауыл шаруашылығын механикаландыру).

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторына № 03-3, (негізгі қызметкердің 01.11.2019ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, D-О-4 санаты бойынша лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 305,64 теңгеден 146 177,22 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру, заңнама талаптарының бұзылуын жібермеу, алдын алу бойынша құқықтық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, бұзушылықтардың салдарына талдау жасау, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау; өндірістегі болған жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды дер кезінде тексеру, есепке алу және талдау жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелердің орындалуын бақылауды бірыңғай қамтамасыз ету; жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлер мен тұлғалардың білімін тексеруді жүргізу; өндірістік жарақат алудың және кәсіби аурулардың жағдайы мен себебіне талдау жасау, оларды алдын - алу бойынша ұсыныстар әзірлеу; өндірістегі ауыр және адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаларды тексеру комиссиясының құрамына қатысу; белгіленген нысандар бойынша есептер жасау; еңбек заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Білімі:Жоғары білім, келесі тараудың мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылу энергетикасы, өндірістік жылуэнергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, машиналарды жөндеу технологиясы мен ұйымдастыру, автоматтандыру және басқару, радиотехника, электротехника және телекоммуникация), «Қызмет көрсету» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің бас маманы № 09-2, (негізгі қызметкердің 13.08.2020ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, D-О-4 санаты бойынша лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 305,64 теңгеден 146 177,22 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: құжаттармен жұмыс істеу, құжаттама тәртібін сақтауды ұйымдастыру; қызметтік хабарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, бөлу, басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жеткізу; Басқарманың істер номенклатураларын ресімдеу; Басқарманың мұрағатын қалыптастыру бойынша техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын іске асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұрағаты қорына өткізілетін құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша өңдеу сапасын, қолданылу, сақталу, есепке алу, іріктеуді жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарма бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды іске асыру; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Білімі:жоғары білім, келесі тараулардың мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Білім» (шет тілі: екі шет тілі), «Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, полиграфия), «Жаратылыстану ғылымдары» (экология).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Білімі жоғары.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-не қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы,не Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
  6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

            «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі 19 үй, 706 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссия шешімін қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

            Анықтама телефоны: 8 (7232)25-65-02, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                                     ____________________________________
  (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

  _____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

             

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген мемлекеттік қызметшілердің іс-сапар кезіндегі өзін-өзі ұстау (мінез-құлқы) туралы жадынамамен Басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері жазбаша таныстырылды. Жанедебарлық іссапар шығыстарын төлеуді іссапарға жіберілген адамдар оған бөлінген ақша қаражаты есебінен ғана жүзеге асыруы тиістігі туралы қатаң ескертілді.


Арыс қаласының тұрғындарына көмек

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады.

Қазіргі уақытта жағдайға душар болған Арыс тұрғындарына көмек көрсету біздің азаматтық борышымыз. Кез келген қиындықты бірге жеңеміз!


Страница 1 из 42

Анықтамалық мәліметтер

Басқарманың пошталық мекен-жайы: 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19
Эд. пошта: enbek-i@akimvko.gov.kz
Факс: 8 (7232) 25-24-84 , 25-65-02
Сенім телефоны: 25-65-02
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18.30 с. түскі үзіліс 13.00 - 14.30 с.
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі - Қарлығаш Қайырлықызы Нұрекенова, жұмыс телефоны: 25-65-74.

 


Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40 үй, 405 бөлме
Телефон: 8 (7222) 56-15-34
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

 


Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі
Пошталық мекен-жайы: 071400, ШҚО, Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 21 үй
Телефон: 8 (72336) 44-279
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:30 с. түскі үзіліс 13:00 – 14:30 с.

Баннеры

2 1    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

modernization kz modernization rus

123 mall 123 mall 2

100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР 100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ

fincenter   fincenter 

 

1331 1331 e02032018095400.gov.kz1 e02032018095416.gov.kz