Monday, September 25, 2017

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

КЕЛІСІМІ

Баяндамалар мен тезистер Written by  Вторник, 12 Апрель 2016 00:00 font size decrease font size increase font size
Rate this item
(0 votes)

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы» кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы

2015-2017 жылдарға арналған

КЕЛІСІМІ

Осы келісім әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасалды және қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт болып табылады.

Әлеуметтік әріптестік тараптары: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік), жұмысшылардың өкілетті өкілі - «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы» кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі (бұдан әрі – кәсіподақ), жұмыс берушілердің өкілетті өкілі - «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы» (бұдан әрі - жұмыс берушілер) болып табылады.

Тараптар :

- Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы бекіткен ХЕҰ-ың Конвенцияларын мүлтіксіз сақтау. «Қазақстан-2050» стратегиясын орындаудың ортақ жауапкершілігі және оның жергілікті жерде жүзеге асырылуына ықпал жасау;

- жұмысшылар мен жұмыс берушілердің еңбек құқығы мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-әрекет ету, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау принциптерін басшылыққа ала отырып, осы Келісімді жасасты.

Келісім өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірістерін, еңбекшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын ары қарай дамыту және олардың өмір сүру деңгейлерін жоғарылату үшін қажетті жағдайлар туғызуға бағытталған.

1.1.Тараптар облыстық салалық, қалалық және аудандық Келісімдерді, барлық меншік нысандықтықтағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде ұжымдық шарттарды жасауды міндетті деп санайды, әлеуметтік әріптестіктің қағидаттарын дамытатын ұжымдарға жан-жақты қолдау көрсетуге міндеттенеді (тараптар).

1.2.Осы Келісімге енгізілген міндеттер мен кепілдіктер ең төмені болғандықтан,   еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық қорғалуын төмендету жағына өзгертілмейді (тараптар).

1.3.Осы Келісімге қол қойған Тараптар өз өкілеттері көлемінде 2015-2017 жылдарға бекітілген  Қазақстан Республикасы Үкіметі, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында жасалған Бас Келісімдегі белгіленген міндеттерді қабылдайды (тараптар).

1.4.Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктің рөлін ары қарай арттыруға, кешенді және жүйелі түрде оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін жаңғырту ғана емес, сонымен қатар қоғамның  дамуына сәйкестігін жүзеге асыруға. 

Жұмысшылар мен жұмыс берушілер бірлестігі әр жылдың наурыз айынан кешіктірмей, ұжымдық шарттардың жасалуының қамтамасыз етілуіне керекті шараларды қабылдайды (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

1.5.Облыстық, салалық Келісімдер мен ұжымдық шарттардың міндеттемелерін жүзеге асыратын, әлеуметтік серіктестік жүйесінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарға қолғабыс ету (тараптар).

1.6.Облыстық әлеуметтік серіктестік бойынша 3- жақты Келісімнің тараптары ұжымдық шарт жасасуға, жыл сайынғы еңбек ұжымдарының жиналыстарында, конференцияларында оны қорытындылауға міндетті (тараптар).

1.7.Кәсіпорындар мен ұжымдар деңгейінде ұжымдық шарттарға қол қоюға құқығы барлар: жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары органдары, олардың бірлестіктері, еңбек ұжымдарының өкілдері болып табылады (жұмыс берушілер, кәсіподақ ұжымдары).

1.8.Қалалық, аудандық және салалық Келісімдер, облыстың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде ұжымдық шарттар жасасуға практикалық және методикалық көмек жасау.

Аймақтағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды қарау тәртібі

Тараптар облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына ұсыныстарды бірлесіп даярлайды және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына шығарады (тараптар).

Тараптардың жасаған ұсыныстарын облыстық әлеуметтік серіктестік бойынша 3- жақты комиссиясы, құзырлы органға қарауына берердің алдындағы 10 күндік мерзімде қарайды (тараптар).

2.2. Экономикалық мүмкіндіктердің бар болу жағдайында, 2017 жылдың соңына дейін, жаңа технологияларды енгізу және меңгеру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және ассортиментті ұлғайту, агроөндірістік комплексты дамыту программасын жүзеге асыру арқылы, 2014  жылдың деңгейіне қарағанда, өнеркәсіп өндірісі көлемінің 24,8 % кем емес, ауылшаруашылық өнімдерінің  64,4% өсуін қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).

2.3. Қазақстан Республикасындағы мақұлданған  құқықтық саясатының тұжырымдамасына   сәйкес, банкроттыққа ұшырауға жол бермеу мақсатында, өңір үшін экономикалық және  әлеуметтік маңызды, уақытша қиындықты басынан кешіріп жатқан барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың базалық деректемелерін жүргізу. Келешегі жоқ өндірістік кәсіпорындар тізбесін айқындау, оларды бәсекеге қабылетті өнім шығаруға қайта бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу және барлық меншік түріндегі облыстық тауарөндірушілердің банкроттыққа ұшырамауы үшін қолдау шараларын іске асыру, банкроттықты  төмендету мүмкіндігін беретін  ұсынымдарды дайындау (әкімдік, жұмыс берушілер).

2.4. Құқықтық мәдениетті жоғарылату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын мінсіз сақтау мақсатында еңбек құқық бұзушылықтарды реттеу жөніндегі кез-келген нысанда (лекциялар, семинарлар, тұсаукесерлер) үнемі консультациялар өткізу (тараптар).

2.5. Келісімге енгізілген проблемалар, өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қабылданған шешімдер және нормативтік актілер жөнінде бір бірін ресми түрде ақпараттандыру (тараптар).

2.6. Өзара тараптар өкілдерінің Келісімге енгізілмеген, бірақ өзара мүдделілікті білдіретін түйінді мәселелер бойынша барлық деңгейдегі мәселелерді қарастыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету (тараптар).

2.7. Еңбек ұжымдарын өндірісті тұрақтандыру жөніндегі шараларды қолдауға, оңды қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге, жаңа технологияларды енгізуге жұмылдыру.

Еңбек ұжымдары  қызметкерлерінің еңбек тәртібін нығайту, өндірілетін өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру жөнінде жұмыс жүргізу (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

2.8.Еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарау үшін, департаменттер мен басқармалардың алқалық органдарының құрамына тиісті кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілердің өкілдерін қосу (әкімдік).

2.9. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу (тараптар).

2.10. Шаруашылық субъектілерінің қалыпты дамуына экономикалық қауіптер туындаған жағдайда, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін меморандумдар және мониторингтеу жұмыстарын жүргізу (тараптар). 

2.11.Қаржылық-экономикалық тоқыраудың салдарына байланысты шұғыл жағдайлардан басқа жағдайларда, жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермеу (жұмысшылардың жалпы санының 10% артық). Жұмысшыларды босатуды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарының қатаң сақталуымен жүзеге асыру. Өзара кеңес негізінде, босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру бойынша қаржыландыру көздерін айқындап,  шұғыл іс-шаралар бағдарламасын жасау (тараптар).

3. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ

 ҚОРҒАУ

3.1.Жұмысшыларға еңбекақыны уақтылы және толық көлемде төлеуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде

ай сайын хабардар ету. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 134-бабының

4-тармағына сәйкес, жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді (жұмыс берушілер).

3.2. Бар күшті еңбекақы және БХЗҚ-ға зейнетақы төлемдері бойынша қарыздарды жоюға бағыттау (тараптар).

3.3. Жұмыс берушілерге экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда, жылсайынғы орташа айлық еңбекақының өсуін инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету. 2017 жылдың аяғына дейін, экономикалық мүмкіндіктері болған жағдайда, 2014 жылға қарағанда экономиканың нақты секторында - еңбекақының 30% кем емес өсуін қамтамасыз ету (жұмыс берушілер, кәсіподақтар). Бұл сұрақты жылсайын қарау.

3.4. Еңбекшілерге еңбекақы төлеуіне қарай, олардың жеке келісімінің негізінде, бухгалтерия арқылы кәсіподақ комитеттерінің есеп шоттарына мүшелік кәсіподақтық жарналарды ай сайын аудару (жұмыс берушілер).

3.5. ҚР Еңбек кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес, өндірістік және бюджет саласындағы қызметшілердің еңбек демалысының төлемін толық көлемде жүргізу (әкімдік, жұмыс берушілер).

3.6. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес, зиянды және қауіпті  еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге заңнамаға сай қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

3.7.Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстарды  өткізу (тараптар).

3.8. Негізігі еңбекақы көлемін төмендету есебінен еңбекке ақы төлеудің дәстүрлі емес түрлерін (заттай төлеу) төлеуге жол бермеу (жұмыс берушілер).

3.9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабының 1,3-тармақтарына  және 340-бабына сәйкес, өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Саны 50-ден астам жұмысшылары бар жұмыс беруші, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады, ал жұмысшылар саны 50-ге толмағанда, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша маман лауазымын енгізеді (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

3.10.Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі техникасының Халықаралық стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу (жұмыс берушілер).

3.11. Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қалыптастыру бойынша талаптарды толық қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс берушілердің қаржысы есебінен, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қарастыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

3.12. Ұжымдық шартқа сәйкес, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға  жүктелген міндеттерді орындау үшін, ақылы жұмыс уақытын беру (жұмыс берушілер).

3.13. Республикалық бағдарлама негізінде 2015-2017 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі, тазалығы  талаптарын және өндірістік саланы жақсарту жөніндегі облыстық іс-шараларды әзірлеу және оның орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Жыл сайын, Халықаралық еңбекті қорғау күні – 28 сәуірде, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық байқау-сайыстың қорытындысын шығара отырып, өткізу (тараптар).

3.14. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпте, зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлерін, міндетті түрдегі мезгілді медициналық тексерулерден  өткізеді ( жұмыс берушілер).

3.15.Бюджет саласындағы қызметкерлерді ақысыз медициналық тексерулерден өткізуге,  жергілікті бюджеттен қаражаттар қарастыру (әкімдік).

3.16. «Шығыс Қазақстан облысының  кәсіподақтар орталығы» аумақтық қоғамдық бірлестіктер одағы, облыстық салалық  кәсіподақтар бірлестіктері, жоғарғы кәсіподақ органдары, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында олардың құрылымдарындағы мекемелерде, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы (кәсіподақтар).

3.17. Кәсіпорындар мен ұйымдарда,  міндетті түрде барлық қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде оқыту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру. Кәсіпорын есебінен еңбекті қорғау бойынша комиссия мүшелерін, еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторларды оқыту (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

3.18. Қала ішіндегі аудан әкімдері, аудан көлеміндегі қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері, ауыл шаруашылық құрылымдарындағы  жұмысшыларды еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау фактілері туралы, мемлекеттік еңбек  инспекциясы және мемлекеттік кіріс органдарына хабарлауға міндетті (әкімшілік).

Әлеуметтік-еңбек қақтығыстары мен кикілжіңдерінің алдын алу және ескерту шаралары.Еңбек дауларындағы жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдерінің дауды тоқтатуға атсалысуы

3.19. Тараптар әлеуметтік-еңбектік қақтығыстар мен кикілжіңдердің алдын алу және ескерту шараларын шешу кезінде, нақты араласып, келесі алгоритмді іске асырады:

- азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарын талдап, мониторинг жасау;

- жұмыс берушілердің (жалақы төлеуден қарыздары бар) қарыздарды төлеу графигін және міндеттелген іс-шараларды атқаруы;

- еңбек қатынастары саласындағы бар және пайда болған түйіткілді мәселелерді шешу үшін, тәжірибелік, ұйымдастырушылық және заңды бағыттағы келісілген ұсыныстар жасау;

-тараптар қолындағы ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып,  еңбек дауларының алдын-алу үшін, жоспарлы және бірлескен шаралар өткізу;

- әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және аймақтық үш жақты әлеуметтік әріптестік комиссиясының, дағдарысқа қарсы штабтың отырыстарында, мемлекеттік органдардың қатысуымен,  атқарылған жұмыстардың нәтижелерін   үнемі қарауға (тараптар).

3.20. Ай сайын, әлеуметтік әріптестік тараптар, даулы жағдайлардың жоғарғы ықтималдығы бар кәсіпорындардың  ұжымымен   жұмыстық кездесулер өткізу;

3.21.Дау бола қалған жағдайда, тараптар жедел түрде наразылық шаралары өтіп жатқан жерге жетіп, себептерін анықтап, дауды тоқтатудың жолдарын қарастырып, ұжымға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.Қажет болған жағдайда, прокуратура органдарымен бірлесе отырып, жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді.Бұзылушылықтар анықталған кезде, жұмыс берушіге тиісті шаралар қолданылады (тараптар).

3.22. «Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірге,  жұмыс берушілер үшін еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбектік жанжалдарын шешу жолдары туралы лекциялар оқуға арнайы мамандар, психологтар мен конфликтологтар шақыртып, семинарлар өткізіп тұрады (кәсіподақтар,кәсіпкерлер).

Кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ активтері үшін  оқуды салалық кәсіподақтар бірлестіктері ұйымдастырады (кәсіподақтар).

Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу бойынша Кеңесті құру мен атқаратын қызметін анықтау реті

3.23.Тараптар тепетеңдік негізде ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу бойынша Кеңесті құрайды.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу бойынша Кеңестің саны мен құрылымы, әлеуметтік әріптестік тараптарының  ұсыныстары бойынша, әлеуметтік әріптестік комиссиясында  анықталады.Кеңес өз құрамынан Кеңестің төрағасын және Кеңестің хатшысын сайлайды.Кеңес отырысы тоқсан сайын немесе қажеттілікке байланысты  өткізіледі (тараптар).

3.24. Кеңестің шешімі қарапайым дауыс басымдылығымен анықталып, қаулымен бекітіледі. Дауыстар арақатынасы тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.Кеңестің шешімі еңбек даулары жақтарына Кеңес отырысы аяқталғаннан соң  3-күннен қалмай жеткізіледі.

3.25.Тараптардың, немесе еңбек дауы жағының, Кеңес шығарған шешіміне келіспегенінде, дау қарау бойынша материалдар, облыстық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияның қарауына жіберіледі.

3.26. Кеңес өз әрекеті барысында, облыстық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияға бағынышты болып табылады және облыстық 3 жақты комиссияның отырысында, атқарылған жұмыстары туралы   жылына кемінде 1 рет есеп беріп отырады.

4.1. Жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау, кәсіптік және қайта оқытудың, соның ішінде жұмыссыздарды еңбек нарығының сұранысына сай оқыту сапасын жақсарту,  еңбек қатынастарын заңдастыруды жалғастыру  (әкімшілік, жұмыс берушілер).

4.2.Жыл сайын облыс экономикасына  қажетті кадрлар болжамын  мамандықтар бойынша анықтау. Жоғары және техникалық-кәсіби мамандықтарды дайындауға  мемлекеттік білім беру тапсырыстары, тек қана анықталған қажетті кадрлық болжамдар негізінде жүргізілсін (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.3.Жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақтандыру мақсатында, жыл сайын аумақты дамыту бағдарламасы аясында, жұмыссыздықты азайту бойынша бағдарламалар жасалынсын (әкімшілік).

4.4. Еңбек нарығы мен жұмыссыздық жағдайы туралы деректерді тоқсан сайын БАҚ-та жариялау. Жұмыс берушілер мен облыс тұрғындарын жұмысқа орналасу және кәсіби оқыту мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпараттандыру (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.5. Жұмыс істейтіндерді жаппай қысқарту жағдайында (жұмыс істейтіндер саныны4 10 пайызынан астамы), халықты жұмыспен қамту бойынша аумақтық мемлекеттік уәкілетті органдарға, кәсіподақтарға кем дегенде 2 ай бұрын хабарлау. Өзара кеңесу  негізінде, босаған қызметкерлерді еңбекке орналастыру жөнінде, қаржыландыру көздерін айқындай отырып, шұғыл іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу (тараптар).

4.6. Аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды оқумен қамтамасыз ету (әкімдік).

4.7.Ақпараттық деректер жиынтығын қалыптастыру үшін, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдеріне жұмыс берушілер қажетті мамандар туралы деректер берсін (жұмыс берушілер).

4.8.Облыстың барлық деңгейдегі жоғары оқу орындары (ЖОО,колледждер), кәсіпорындар мен мекемелермен, студенттердің өндірістік тәжірибелерді ақысыз өтуі үшін, шарттар жасасын (жұмыс берушілер).

4.9. Нарық талабына сай кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орта және орта арнаулы білімді өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мамандарын дайындау. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, қажетті қаражаттарды көздеу (стипендия төлей отырып, тегін оқыту) (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.10. Облыстық, салалық Келісімдерде, ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің білім алуына, біліктілігін жоғарылатуға байланысты  кепілдіктер мен өтемақылар  төлеуді қарастыру (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

4.11.Қолданбадағы заңнамаларға сәйкес, бюджет саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге қаражатты жергілікті бюджеттен қарастыру (әкімдік).

4.12. Ауылды жерлерге тұрып жұмыс істеуге  келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және ауылшаруашылық кешені мамандарына көтермелеу жәрдемақылары мен бюджеттік несиелер арқылы қолдау жасау,  олардың жұмысқа орналасуын бақылау, тұрақтап қалуына ықпал ету.Жас мамандарды, және де аса қажетті, біліктілігі жоғары мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

4.13. Аз қамтылған отбасылар санынан шыққан жастарды, ЖОО-ға жіберуге,  содан кейін ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыру мақсатында, облыстық бюджетте қаражаттар көздеу (әкімдік).

4.14. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге, еңбек шартының бұзылу мерзімі басталғанға дейін, жаңа кәсіптерге қайта оқу мүмкіндігін беру. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге  жұмыс іздеуі үшін, босатылар алдындағы   айдың ішінде екі ақысы төленбейтін күн беру  (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.15. Кәсіподақтар мүшелеріне жұмыспен қамту, жұмысқа орналасу, еңбекақы төлеу мәселелері бойынша ақысыз кеңестер беру және құқықтық көмек көрсету. Келісім комиссиялары мен сотта олардың мүдделеріне өкілетті болу (кәсіподақтар).

4.16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54-бабының 1-тармағының 2,3-тармақшалары және 59-бабының 1-тармағының  2-тармақшасына сай, кәсіподақ мүшесі болған қызметкерді жұмыстан босатуды тек кәсіподақ органының келісімімен іске асыру (жұмыс берушілер, кәсіподақ).

4.17. Жұмыс кадрларын дайындайтын техникалық және кәсіби оқу орындарының оқулық-материалдық базасын нығайту және жаңарту  жөніндегі шараларды қабылдау және қажетті жағдайларда, оқу-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру үшін жер учаскелерін  беру. Оқушылар және мұғалімдер құрамы үшін жатақханаларды жөндеу және салуды қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).

4.18 Салалық және аймақтық Келісімдерге, ұжымдық шарттарға 50 жастан асқан адамдардың жұмыс орындарын сақтау және лайықты жұмыс жағдайын қалыптастыру бойынша жағдайларды  енгізуді ұсыну (тараптар) .

4.19. ТҮКШ жаңғырту Бағдарламасын іске асыруды қолдау (тараптар).

5. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ САЛАСЫНДА

5.1. Экономикалық мүмкіндігі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер, аумақтық орналасушылықтарына қарай, интернат үйлеріне, сәбилер үйіне, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерге қамқорлық көмек көрсету шараларына  қатыссын (тараптар).

5.2. Бірінші қажеттегі негізгі тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша  бірлескен жұмысты жалғастыру (тараптар).

5.3. Мәдениетті, спортты, туризмді дамыту, балалар мен отбасылық демалысты ұйымдастыру саласында келісілген саясатты жүргізу, сондай-ақ, облыс тұрғындарын марал, ара шаруашылығы өнімдерімен сауықтыру, қалалар мен аудандарда ара өнімдерінің орталықтарын құру (тараптар).

5.4. Балаларды жазғы каникул кезінде сауықтыру және демалдыру шараларына  әкімдерге қала және аудан бюджеттерінен қаражат қарастыруын ұсыну, облыстың барлық аудандарында, қала сыртындағы сауықтыру лагерлерін салуға қажетті шараларды қабылдау (әкімдік).

5.5.Өткізілетін іс-шараларға бірлесе  қатысуға тараптар өкілдерін тарту. Оларды алқа, кеңес, тендерлік комиссия, актив, семинар, жиналыс және т.б. құрамына енгізу (тараптар).

5.6. Қаржылық- экономикалық мүмкіндігіне байланысты,  мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін, мекеме есебінен нақты еңбек ақы қорының 0,15%  кем емес ақшалай және басқа да қаражаттардың бөлінуін ұжымдық шарттарда  қарастыру (жұмыс берушілер).

5.7. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру,  спорт және мал дәрігері мамандарының еңбекақысына жергілікті бюджет есебінен қосымша ақы төлеу, жергілікті өкілетті органдардың шешіміне сәйкес жүргізілсін (әкімдік).

5.8. Ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және мал дәрігері қызметкерлерінің отын сатып алуына және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға,, қалалар мен аудандардың бюджеттерінен келесі мөлшерде қаржы қарастырылсын: 2015 жылға – 12480 теңге,  2016 жылға – 15000 теңге,  2017 жылға – 18000 теңге (әкімдік).

5.9. Бюджет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй бөлу қарастырылсын (әкімдік).

5.10. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйлерді бөлу комиссиясының құрамына кәсіподақтар өкілдерін  енгізу (әкімдік).

5.11.Күнкөріс деңгейінен төмен табысты тұрғындардың үлес-салмағын азайту (тараптар).

5.12.Ұжымдық шарттарда қызметкерлердің еңбек күні режиміндегі кәсіби-қолданбалы,  дене шынықтыру-сауықтыру және оңалту іс-шараларын енгізетін, дене шынықтыруымен айналысуды іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды қарастыру.Спорттық жабдықтар мен мүліктерді сатып алуға қаражаттар бөлу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).

5.13. Нақты немесе жорамалды АҚТБ мәртебесі негізіндегі жұмысшыларды кемсітуге жол бермеу. Жұмыс орындарында АҚТБ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу жөніндегі стендтер орнату (тараптар).

5.14.«Семей ядролық сынақ полигонындағы  ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 17-бабының орындалуына, әсіресе ядролық сынақтың салдары тиген аумақтардағы денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыландыруды  орта республикалық деңгеймен салыстырғанда  1,5 есеге арттыруға қол жеткізу (әкімдік, кәсіподақ) 

5.15. Облыстық салалық Келісімдерді,  ұжымдық шарттарды жасағанда жұмыс істеуші әйелдердің құқықтары мен кепілдіктерінің сақталуын қарастыру,  міндетті алдын ала тексерілуі, олардың емделуін, балаларын мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге дайындауға мұқтаж аналарға қаржылай көмек  көрсетуді қамтамасыз ету (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).

5.16. Мемлекеттік  жастар саясатын іске асыруға, еңбек аясында жастардың әлеуметтік құқықтарын, білім алу және денсаулықты қорғау мәселелерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге қатысу, жастардың әлеуметтік-экономикалық  қажеттіліктерін өз бетімен іске асыруына жағдай тудыру.

Жасөспірімдер  мен жастарды уақытша,  оның ішінде шағын және орта бизнес құрылымдарында жұмыспен қамту механизмдерін жетілдіру (тараптар).

5.17. Қоршаған ортаны ластайтын қолайсыз жағдайларды болдырмауды және қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдау  (тараптар).

5.18. Шарушылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ) мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларына, лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төлене отырып, ұзақтығы отыз күнтізбелік күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының берілу құқығы сақталынсын,олардың қызметтік жалақылары мен басқа да қосымша төлемдерінің ең төменгі мөлшері, азаматтық қызметкерлердің сәйкес қызметтік жалақылары мен қосымша төлемдерінен кем болмасын, бұл тармақтар ұжымдық шарттарда қарастырылсын (әкімдік, жұмыс берушілер).

5.19. Орташа айлық еңбекақы бойынша шағылған сомадан, жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезінде   мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қордан  төленген соманың айырмасын төлеу мүмкіндігі, ұжымдық шарттарда қарастырылсын (жұмыс берушілер).

6. ОБЛЫС МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ, ҰЙЫМДАРЫНДА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕПІЛІ

6.1. Кәсіподақ құқықтары мен кепілін сақтау, меншік түріне қарамастан ұйымдарда кәсіподақ органдарының құрылуына және қызмет етуіне бөгет жасамау (жұмыс берушілер, әкімдік).

6.2.Кәсіподақ органдарын,мүмкіндікке орай, бөлмелермен, жиһазбен қамтамасыз ету жағдайын ұжымдық шарттарда қарастыру (жұмыс берушілер).

6.3.Мүмкіндік болған жағдайда, босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне, кәсіпорында қолданылатын жеңілдіктерді, кепілдіктерді, қосымша ақыларды сақтау, ұжымдық шартта қарастырылсын (жұмыс берушілер).

6.4. Жұмыс беруші кәсіпорындағы жалақы, еңбек және демалыс режимі, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жөніндегі өзгерістер туралы кәсіптік органдарға ақпаратты, егерде еңбек,ұжымдық шарттарында бұдан ұзағырақ мерзім қарастырылмаса, 1 ай бұрын береді (жұмыс берушілер).

7. КЕЛІСІМ ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНА БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

7.1. Облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мемлекеттік органдарға, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады. 

7.2. Келісім аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер және ұйымдарда ұжымдық шарттарды қабылдау барысында келіссөздер жүргізуге негіз болады.

7.3. Келісім тараптарының міндеттемелері және ұсыныстары (шешімдері) қалалық, аудандық  келісімдерді және ұжымдық шарттарды қабылдау кезінде есепке алынулары керек.

7.4.   Тараптар Келісімді дамыту және оның орындалуын қамтамасыз ету үшін, облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның шеңберінде, өзара кеңестесу негізінде құжаттарды әзірлейді, тиісті шешімдерді қабылдайды, Қазақстан Республикасының  заң шығарушы және атқарушы билік органдарына ұсыныстар қалыптастырады және олардың іске асуына қол жеткізеді (тараптар).

7.5. Қол қойылғаннан кейін Келісім мәтіні, қысқартусыз апталық мерзімде облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің ресми сайттарында орналастырылады. Келісімге қол қойылғаннан кейін екі аптаның ішінде, Келісімнің ресми сайттарда орналастырылған толық мәтініне ақпараттық сілтеме жасай отырып, облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде, қалалар мен аудандардың ресми  газеттерінде жариялануға жатады (әкімдік).

7.6. Келісім жағдайларының орындалу қорытындыларын, Тараптар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның (ары қарай - Комиссия)  отырысында  қарайды (тараптар).

7.7. Тараптар осы Келісімді орындау барысында жұмыс берушіліерден ақпараттар (есептер) беру туралы талаптар қоймауға келісімге келді.

7.8. Тараптар Комиссияға белгіленген тәртіпте, қол қойылған Келісімге, қажетті   жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге уәкілеттік береді.

Тараптар облыс тұрғындарына Келісімнің жүзеге асу барысы туралы міндетті түрде ақпарат береді. Тараптардың бірлескен шешімімен Комиссияның Үйлестірушісі тағайындалады (тараптар).

7.9. Келісімнің қолданылуы кезінде, облыс кәсіподақтары Келісімге енгізілген мәселелер бойынша, олардың біртіндеп іске асырылып жатқан  жағдайында, наразылық акцияларын өткізбейді (кәсіподақтар).

7.10.Келісімнің қолданылуы кезінде, оған қол қойған жұмыс берушілер бірлестіктері, экономиканы тұрақтандыру, өндірістің құлдырауына жол бермеу, істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады (жұмыс берушілер).

7.11. Келісім Тараптардың оған қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді, жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. Іске асыру үрдісінде туындаған барлық өзгерістер, толықтырулар Тараптар өзара келісімге қол жеткізген жағдайда ғана енгізіледі.

7.12. Келісім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзімде, әлеуметтік әріптестік тараптары, облыстық үш жақты Келісімді өздерінің мүшелік мекемелеріне, құрылымдық бөлімдеріне, филиалдарына жеткізсін(тараптар).

Шығыс Қазақстан облысының әкімі                                                         Д. Ахметов

«Шығыс Қазақстан облысының

кәсіподақ Орталығы» аумақтық

кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы                                                         Н. Тусупова

Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпкерлер Палатасының директоры                                                      И. Шацкий

Read 1344 times

Контактная информация

Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область

город Усть-Каменогорск, ул. К.Либкнехта, 19

Администратор сайта: Ботакоз Касиманова, Телефон: 8 7232 256502

Email: enbek-i@akimvko.gov.kz

Баннеры

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

 modernization 3 200x100 kz modernization 3 200x100 ru

123 mall 123 mall 2