Monday, September 25, 2017

          

Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттің рәміздері

Үндеу

Баяндамалар мен тезистер Written by  Вторник, 12 Апрель 2016 00:00 font size decrease font size increase font size
Rate this item
(0 votes)

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпорындар мен мекемелер басшылары!

Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам»                          Ұлт жоспарында ауқымды да, әбден орындауға болатын әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру, «Мәңгілік ел» тұрақтыөркендегенмемлекет құру тапсырмаларын қойды.

5 президенттік реформаны және дағдарысқа қарсы  шараларды орындаудың нәтижелілігі, көбінесе кәсіпорындар басшыларының белсенді ұстанымдарына және еңбек ұжымдарының тікелей қатысуына байланысты.

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексіндегі талаптар, қоғамдық тұрақтылықты сақтауда зор мағынасы бар және экономиканы дамытудың маңызды және қажетті шарттары етіп, еңбек қатынастарын реттеуде, әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттырды.

2015 жылдың наурызында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу туралы Келісімге қол қойды. Тараптар өздеріне экономиканы әртараптандыру, еңбекақы мөлшерінің өсуін қамтамасыз етуді, жұмыс орындарын сақтауды, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмысшыларға әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелерді қабылдады. Кәсіпорындармен 7848 меморандум жасалынды, бұларда негізінен жұмыс орындары сақталынып, әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілді. Облыс бойынша еңбекақы мөлшерінің орташа өсуі 5 % құрады.

Қазақстанның экономиканың қазіргі заманғы шарттардағы жаңа даму парадигмасы, кәсіпорындар мен ұжымдардың басшыларынан, еңбек ұйымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған, жігерлі қадамдарды, жаңа көзқарастарды талап етеді. Осы орайда, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың және атқарушы органдардың өзара іс-қимылдарын нығайтудың мәні түседі ұлғая.

Біз Сіздерден алдағы екі жылға арналған меморандумдарға қол қойып,  өндіріс көлемінің қысқаруына жол бермеуге, жұмыс орындарын және қол жеткізілген орташа айлық жалақы деңгейін сақтауға, мүмкіндігінше, барлық ықтимал шараларды қабылдап, қажетті әлеуметтік пакетті қамтамасыз ететіндіктеріңізге сенімділік білдіреміз.

Біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қалпына келтіруге және облыс тұрғындарына нақты әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекетіміздің дағдарысқа қарсы көлемді шараларын іске асыруға бірге жауаптымыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын лайықты еңбекпен қарсы аламыз!

 Облыстық әлеуметтік әріптестік пен

әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

бойынша үшжақты комиссия мен дағдарысқа

қарсы штабтың бірлескен отырысында

қабылданды

«_03_»_ақпан_ 2016 жыл

Read 1261 times

More in this category: КЕЛІСІМІ »

Контактная информация

Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область

город Усть-Каменогорск, ул. К.Либкнехта, 19

Администратор сайта: Ботакоз Касиманова, Телефон: 8 7232 256502

Email: enbek-i@akimvko.gov.kz

Баннеры

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

 modernization 3 200x100 kz modernization 3 200x100 ru

123 mall 123 mall 2