Thursday, November 23, 2017

          

Государственные символы
 Республики Казахстан

Мемлекеттiк рәміздер

Пятница, 06 Май 2016 00:00 Автор
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
     

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. 
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысынын окiмi 

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы


Контактная информация

Почтовый адрес Управления: 070004, ВКО, г. Усть-Каменогорск, ул. Карла Либкнехта, 19

Эл. адрес: enbek-i@akimvko.gov.kz

Факс: 8 (7232) 25-24-84 или 25-65-02

Телефон доверия: 25-65-02

Режим работы: с 9.00 до 18.30 ч. обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 ч.

Уполномоченный по этике  Управления - Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна, рабочий телефон: 25-65-02.

 

Отдел контроля трудового законодательства по г. Семей

Почтовый адрес:  071400, ВКО, г. Семей, ул. Козбагарова 40, кабинет 405

Телефон: 8 (7222) 56-15-34

Режим работы: с 9.00 до 18.30 ч. обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 ч.

 

Отдел контроля трудового законодательства по г. Риддер

Почтовый адрес  : 071300, ВКО, г. Риддер, ул. Тохтарова, 21

Телефон: 8 (72336) 44-279

Режим работы: с 9.00 до 18.30 ч. обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 ч.

Баннеры

    

 2 baner akorda x100 kz 6 8

 MAKET kaz 1 25 ScreenRus

 modernization 3 200x100 kz modernization 3 200x100 ru

123 mall 123 mall 2

 100 РЅРѕРІСС РРёС РєРР  100 РЅРѕРІСС РРёС СЂСѓСЃ